Зейнетақы жинағын алу: қазақстандықтардың есепшотына 112 миллиард теңге түсті

Зейнетақы жинағын алу: қазақстандықтардың есепшотына 112 миллиард теңге түсті Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

БЖЗҚ тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алғысы келетін қазақстандықтардың арнайы шотына 112,3 миллиард теңге аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БЖЗҚ тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алғысы келетін қазақстандықтардың арнайы шотына 112,3 миллиард теңге аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1 және 2 ақпанда бірыңғай зейнетақы төлемдерінің алғашқы екі күнінде БЖЗҚ салымшылардың уәкілетті операторларда ашылған арнайы есепшоттарына 112,3 миллиард теңгеден аса қаражат аударды. Осылайша, "Отбасы Банк" Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ мен "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның уәкілетті операторларынан келген 20 252 өтінім орындалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 1 ақпанда БЖЗҚ 25 қаңтарда түскен өтінімдер бойынша төлемдер жүргізе бастаған және "Отбасы банкке" салымшылардың 8 454 өтініші бойынша 49 миллиард теңгеге жуық ақша арнайы шоттарға аударылған. Кейінірек 20 мың қазақстандықтың арнайы шотына бір реттік зейнетақы төлемі түскені хабарланған.

Реклама
Реклама

Бұған дейін "Отбасы Банк" АҚ зейнетақы төлемдерін алған алғашқы қазақстандық Шымкент қаласының тұрғыны екенін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама