02 ақпан 2021 13:34

Зейнетақы жинағын алу: 212 миллиард теңгеге өтінімдер мақұлданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

БЖЗҚ қазақстандықтардың 212,6 миллиард теңгеге зейнетақы жинағын алуға берген өтінімдерін мақұлдады. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) басшысы Жанат Құрманов мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


БЖЗҚ қазақстандықтардың 212,6 миллиард теңгеге зейнетақы жинағын алуға берген өтінімдерін мақұлдады. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) басшысы Жанат Құрманов мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"25-30 қаңтар аралығында БЖЗҚ-ға 52 мыңнан аса өтінім келіп түсті, оның ішінде 212 миллиард теңгеге 38 389 өтінім немесе өтінімдердің жалпы санының 70 пайызы өңдеуге қабылданды. Төленетін орташа сома - 5,5 миллион теңге.

28 қаңтардан бастап БЖЗҚ-ға "Қазақстан Халық банк" уәкілетті операторынан өтінімдер түсе бастады. Үш күн ішінде, 28-30 қаңтар аралығында БЖЗҚ 132 өтінім жіберді, оның ішінде жалпы сомасы 510 миллион теңгеге жуық 118 өтінім немесе 89 пайызы өңдеуге қабылданды. Төленетін орташа сома 4,3 миллион теңге болды", - деді Құрманов ОКҚ брифингінде.

Осылайша, оның айтуынша, өтінімдерді қабылдау басталғаннан бері 30 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ жалпы сомасы 212,6 миллиард теңгеге 38 507 өтінімді алдын ала мақұлдады және өңдеуге қабылдады.

Құрманов өтінімдерді қабылдамау себептерін нақтылады.

"Негізгі себеп: салымшылар өтініште алуға болатын қолжетімді сомадан асыра көрсетеді. Өтінішті қабылдамаудың 13 пайызы сұралып отырған сомалар бұрын өңдеуге қабылданған өтініштерде ескерілген алуға қолжетімді сомадан асып түсуіне байланысты. Бұдан басқа, қайталанған өтінімдер болды, жекелеген өтінімдер БЖЗҚ-да жинақтары жоқ салымшылардан түскен. Сондай-ақ, дұрыс рәсімделмеген басқа да өтінімдер болды", - деп түсіндірді ол.

Құрманов салымшылардан өтініште көрсетілген ақпаратты мұқият тексеруді сұрады.

"Кеше, "Отбасы банктен" өтінімдер қабылданғаннан кейінгі бірінші жұмыс күні, яғни 5 жұмыс күні өткеннен кейін БЖЗҚ 25 қаңтарда келіп түскен өтінімдер бойынша төлемдер жүргізе бастады және салымшылардың 8 454 өтінімі бойынша шамамен 49 миллиард теңге "Отбасы банкке" арнайы шоттарға берілді", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети