Зейнетақы жинақтарын пайдалануға байланысты дүрлікпе сәуірдің соңында аяқталады. Мұндай болжамды "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Зейнетақы жинақтарын пайдалануға байланысты дүрлікпе сәуірдің соңында аяқталады. Мұндай болжамды "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазір қолымыздағы статистика бойынша БЖЗҚ-дан жіберілген барлық қаржының 50 пайызға жуығы тұрғын үйді тікелей сатып алуға бағытталған. Ипотека алу үшін 100 мыңнан аса адамнан өтінім түссе, олардың төрт мыңы ғана банкке келді. Басқа екінші деңгейлі банктерде де шамамен осындай көрсеткіш. Яғни, жалпы көлемі 10 мыңнан аспады. Сондықтан зейнетақы жинақтарын пайдалануға байланысты дүрлікпе іс жүзінде сәуірдің соңында аяқталады деп есептеймін", - деді Ләззат Ибрагимова ОКҚ онлайн-брифингінде.
Ибрагимованың айтуынша, "Отбасы банк" күніне екі жарым мыңға жуық өтінім алады, ал олардың сомасы "айтарлықтай азайды және баға нарығына әсер етпейді".
"Егер қаңтар мен ақпанда 15 миллион теңге және одан да көп сома болса, қазір өтінімнің орташа сомасы бір миллионнан екі миллион теңгеге дейін. Бұл ресурс облыс орталықтарында немесе Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында баға нарығына әсер етуі мүмкін емес. Бұл тек ипотекалық өнімдерге сұраныс тудырады.
Бағдарламаның мерсімсіз екенін айтар болсам, қазір адамдардың көпшілігі ақшаны ай сайын несие төлеу, "Отбасы банкке" аудару бойынша есептік көрсеткішпен депозит қалыптастыру мүмкіндігін пайдаланып жатыр. Осы мәселелердің бәрін ереже бойынша қарастырамыз", - деп қосты ол.
Бұған дейін вице-министр мен "Отбасы банк" басшысы Қазақстандағы тұрғын үй бағасы бойынша болжам жасаған болатын. Олар бірнеше айдан кейін жылжымайтын мүлік нарығындағы баға тұрақталуы мүмкін екенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!