04 ақпан 2021 | 10:13

Зейнетақы жинағын туыстарға жұмсау: "Отбасы банк" нұсқаулық берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

"Отбасы банк" өкілдері мерзімінен бұрын алынған зейнетақы қаражатын туыстарға қалай табыстау керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

"Отбасы банк" өкілдері мерзімінен бұрын алынған зейнетақы қаражатын туыстарға қалай табыстау керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Банк Instagram-дағы парақшасында зейнетақы жинақтарын туыстарына пайдалануды жоспарлап отырған адамдарға нұсқаулық берді:

  1. Қабылдаушы тарапқа да, табыстаушы тарапқа да - арнайы шот ашыңыз;
  2. Өтінім берер алдында, екі тарап та enpf-otbasy.kz платформасында ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өткендігіне көз жеткізіңіз;
  3. Табыстаушы тарап www.otbasy-enpf.kz - платформасында "жақын туысына қаражат табыстау" тетігін таңдайды.
  4. Табыстау қажет соманы көрсетесіз. Табыстауға болатын сомадан 20 000 теңгеге кем жазуға кеңес береміз.
  5. Зейнетақы жинақтарын қабылдайтын туысының ЖСН жазасыз.
  6. БЗТ қаражаты түскені туралы смс-хабарламаны күтіңіз. Өтінім 7 жұмыс күніне дейін қаралады (2 күн – банк, 5 күн-БЖЗҚ).
  7. Осыдан кейін туыстықты растайтын құжаттарды жүктеңіз (неке, туу туралы куәлік және т. б.).

Құжаттарды тексеруге әдетте 2-3 күн жұмсалатыны хабарланды, содан кейін "Құттықтаймыз, Сіздің өтінішіңіз өңделді және аяқталды" деген мәртебе пайда болуы керек.

Ал қабылдаушы тарап қаражатты былай алады:

  • Жеке кабинетте туысқаныңыздың қаражатын қабылдаңыз, "келісім" пернесін басыңыз.
  • ЭЦҚ арқылы келісімге қол қойыңыз. Кабинетке қайта кіріңіз, қаражаттың шотта тұрғанына көз жеткізіңіз. Жеке кабинетте, өтінім беру бетінің төменгі жағында көрсетілуі керек.
  • Барлық соманы, соның ішінде туысқандарыңыздың да жинақтарын пайдалануға өтініш беріңіз.

Банк өкілдері зейнетақы жинақтары тек жақын туыстар арасында табысталатынын ескертті. Олар: ерлі-зайыпты; ата-аналар; балалар; бала асырап алушылар, асырап алынғандар; туған немесе әкелері бір, аналары бөлек аға-інілер мен әпке-сіңілілер; аталар, әжелер).

Ал осы тізбекті сақтамай бір уақытта өтініш берген адамдарға, платформада өтінімді жою мүмкіндігі пайда болуын күту керегі айтылды. Бұл операция алдағы 2 аптаның ішінде енгізілуі тиіс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети