Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй немесе емделу үшін қалай алады? БЖЗҚ түсіндіріп берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй немесе емделу үшін қалай алады? БЖЗҚ түсіндіріп берді Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтардың өзекті сұрақтарына жауап беріп, тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе емделу үшін бір реттік зейнетақы төлемдерін қалай алуға болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтардың өзекті сұрақтарына жауап беріп, тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе емделу үшін бір реттік зейнетақы төлемдерін қалай алуға болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың ресми сайтына сілтеме жасап.

Зейнетақы жинақтарын қандай жағдайда алуға болады?

Біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алатын міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы.

БЗТ мына жағдайларда беріледі:

  • Егер салымшының міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтарының сомасы ҚР Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілігі шегінен (ТЖШ) асса (ТЖШ-дан асатын соманы пайдалануға болады);
  • Егер зейнеткердің зейнетақысы оның еңбекке жарамды кезінде алып жүрген орташа айлық кірісінің кемінде 40 пайызына тең алмастыру коэффициентін қамтамасыз ететін болса; Кірісті алмастыру коэффициентінің мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша айқындалады. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының базалық және ынтымақты құрамдауыштар есебінен қалыптасқан зейнетақысының мөлшері және зейнеткерлікке шыққан күннің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын табысы ескеріледі (жинақтардың 50 пайызына дейін пайдалануға болады);
  • Егер МЗЖ-ның салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаса (жеке зейнетақы шотындағы жинақтардың 100 пайызына дейін пайдалануға болады);
  • Егер азамат еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алушы болса (ЖЗШ-дағы жинақтардың 100 пайызына дейін пайдалануға болады).

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу болашақ зейнетақы төлемін азайтатынын ескертеді.

БЗТ алу үшін қайда жүгінуге болады?

Қаражат тек уәкілетті операторлар арқылы рәсімделеді. Қазіргі операторлар:

  • "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі " АҚ (Тұрғын үй және емделу);
  • "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (Тұрғын үй);
  • "Банк Центр Кредит" АҚ (Тұрғын үй);
  • "Altyn Bank" АҚ (China Citic Bank Corporation Ltd ЕБ) (тұрғын үй);
  • "Банк Фридом Финанс Казахстан" АҚ (Тұрғын үй).

БЗТ-ны алу тәртібі

  • алушылар БЖЗҚ сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы алуға болатын жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) үзінді көшірмесінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында алуға қолжетімді міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәліметтерді алады;
  • содан кейін алушы уәкілетті операторға уәкілетті оператордың интернет-ресурсы арқылы БЗТ алу туралы өтінішпен жүгінеді және өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды;
  • уәкілетті оператор екі жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға БЗТ алу туралы алушылар тарапынан түсіп, тіркелген өтініштер туралы электрондық хабарлама жібереді;
  • БЖЗҚ өз өкілеттігі шеңберінде жеке зейнетақы шотында сұрау салынған соманың болуын тексереді және бас тартуға негіздер болмаған жағдайда электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті операторға өтініште көрсетілген БЗТ сомасын (көрсетілген сома ЖЗШ-да болған кезде) алушының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемі үшін уәкілетті оператор арнайы ашқан шотқа есептеу үшін аударады;
  • зейнетақы жинақтарының мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттарды алушылар тек уәкілетті операторларға ұсынады.

Құжаттарды тексеріп, қаражатты өтініш берушінің түпкі мақсатына аудару туралы шешімді уәкілетті оператор қабылдайды.

"Егер алушы тұрғын үйге немесе емделуге зейнетақы жинақтарының пайдаланылғанын растайтын құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынбаса, онда қаражат БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына қайтарылады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети