Зейнетақы қаржысын алу: енді офтальмология қызметтеріне өтінім көбейді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зейнетақы қаржысын алу: енді офтальмология қызметтеріне өтінім көбейді Фото:depositphotos.com

Тіс емдеуге зейнетақы жинағын алуға тыйым салынғаннан кейін қазақстандықтар жаппай офтальмология қызметіне жүгіне бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тіс емдеуге зейнетақы жинағын алуға тыйым салынғаннан кейін қазақстандықтар жаппай офтальмология қызметіне жүгіне бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Офтальмологияға зейнетақы төлемдері

Бірінші кредиттік бюро деректері бойынша, қыркүйекте офтальмологиялық қызметтерге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдеріне өтінім саны күрт артқан.

"Қыркүйекте офтальмология қызметтеріне ақы төлеу үшін 1,4 миллиард теңге сомасына 1611 өтінім орындалды. Тамыздағы көрсеткіштермен салыстырғанда, бұл тиісінше 5,8 және 7 есе өсімді көрсетеді", - делінген хабарламада.

Ал былтырғы орташа айлық мәндерімен салыстырғанда өсім тиісінше 7,9 және 9,3 есе болған.

Қаражаттың БЖЗҚ-ға қайтарылуы

Сонымен қатар стоматология бағыты бойынша БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару көрсеткіші күрт өскен.

"Сөз 27,3 мың өтінім бойынша 21,8 миллиард теңге туралы болып отыр. Салыстыру үшін, тамызда стоматология бағытында 6,3 мың өтініммен 3,7 миллиард теңге қайтарылған. Соңғы бірнеше ай бойы өтінімдер санының артуымен бірге қаржыны қайтару да жоғары деңгейде сақталып отыр", - делінген ақпаратта.

Мәліметте нақты айдағы қайтару статистикасына бұрын берілген өтінімдердің деректері де енуі мүмкін екені нақтыланған.

Сонымен қатар заңға сәйкес, егер өтініш беруші ойын өзгертсе, құжаттарды уақытында тапсырмаса немесе қаражатты мақсатсыз пайдалануға тырысса, қаражат қайтарылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети