Зейнетақы қаржысын стоматология арқылы алу: бір күдікті ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зейнетақы қаржысын стоматология арқылы алу: бір күдікті ұсталды Фото:depositphotos.com

Жуырда ҚМА жалған стоматологиялық клиникалардың иелеріне іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жуырда ҚМА жалған стоматологиялық клиникалардың иелеріне іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің сөзінше, Дүйсенов ұсталған.

"Ол ұсталды, сот санкцияны растады. Тергеу органы оның осы төрт клиниканы құруға қатысы барын толық дәлелдеді. Сондай-ақ, заңсыз әрекеттер нәтижесінде алынған сома анықталды", - деді Жеңіс Елемесов.

Еске салайық, бұған дейін "Отбасы банк" тіс емдеуге өтініш беру кезінде БЗЖҚ қаражатын мақсатсыз пайдалану және құжаттарды қолдан жасау деректері анықталғанын мәлімдеді.

Кейінірек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражатты заңсыз алуға жәрдем көрсеткен 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді.

Артынша ҚМА мына үш адамға іздеу салды:

  • Дүйсенов Аслан Қамбарұлы, 01.04.1992 ж.т.
  • Иманбаев Габбас, 18.05.1998 ж.т.
  • Елешев Есімхан Баяндиевич, 11.09.1987 ж.т.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети