Зейнетақы қоры қазақстандықтарға ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зейнетақы қоры қазақстандықтарға ескерту жасады Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

БЖЗҚ мәліметінше, қор мамандары азаматтарға қоңырау соқпайды. Соңғы кездерде БЖЗҚ салымшыларына қатысты алаяқтық әрекет жағдайлары жиілеген. Ол үшін әртүрлі жаңа сценарийлер ойлап табылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЖЗҚ мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БЖЗҚ мәліметінше, қор мамандары азаматтарға қоңырау соқпайды. Соңғы кездерде БЖЗҚ салымшыларына қатысты алаяқтық әрекет жағдайлары жиілеген. Ол үшін әртүрлі жаңа сценарийлер ойлап табылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЖЗҚ мәліметіне сілтеме жасап.

Соның бірі - салымшылар мен алушыларға Қор қызметкерлерінің атынан қоңырау шалып, БЖЗҚ-ға зейнетақы аударымдары қате жасалғандығы, сол үшін оның бөлімшесіне бару қажеттігі және SMS арқылы хабарландыру тәсілімен кезекті электрон брондауға мүмкіндігі бар екені туралы айтылады. Бұдан кейін алаяқтар телефонға келген талон нөмірін немесе кодты атап, растауды сұрайды. Осылайша олар сіздің банк шоттарыңызға және жеке мәліметтеріңізге қолжеткізе алатыны айтылды.

"Мұндай алаяқтыққа жол бермеу үшін мынаны білгеніңіз маңызды: БЖЗҚ қызметкерлері азаматтарға қоңырау соқпайды! Сондықтан қырағы болып, бөгде адамдарға ешқандай код бермеңіз. Сондай-ақ, бейтаныс сілтемелерге өтпеңіз", - делінген хабарламада.

Қорғану әдістері:

  • Өз кодтарыңыз бен құпиясөздеріңізді ешкімге, ешқашан айтпаңыз.
  • Ақпаратты ресми арналар арқылы тексеріңіз.
  • Егер Сізді әлдекім БЖЗҚ атынан мазалайтын болса, тұтқаны қойып, тікелей Қормен хабарласыңыз!
  • Қаржылық және зейнетақы қызметтерін алу үшін көмек көрсетуге уәде беретін делдалдардың қызметтерін пайдаланбаңыз. Себебі, сонымен бірге Сіз жеке деректеріңізді құйтырқы әрекеттерге пайдаланатын бейтаныс адамдарға сеніп тапсырасыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети