Зейнетақы қорынан 1,5 триллион теңге алынады - Смайлов себебін атады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зейнетақы қорынан 1,5 триллион теңге алынады - Смайлов себебін атады Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Әлихан Смайыловқа БЖЗҚ-дан Қазақстанның энергетикасын дамытуға 1,5 триллион теңге бөлу жоспары туралы сұралды. Үкімет басшысы қазақстандықтардың ақшасы міндетті түрде қайтарылатынына уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Әлихан Смайыловқа БЖЗҚ-дан Қазақстанның энергетикасын дамытуға 1,5 триллион теңге бөлу жоспары туралы сұралды. Үкімет басшысы қазақстандықтардың ақшасы міндетті түрде қайтарылатынына уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Егер үкімет қарызға алса, онда бұл қаражаттың республикалық бюджет қаражаты есебінен, бірінші кезекте квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қайтарылуын міндетті түрде қамтамасыз етеді. Сондықтан, егер үкімет алса, онда бұл үкіметтің қарызында көрінеді. Бұл қарызға қызмет көрсету бюджетінде көрінеді. Сондықтан, егер олар міндеттемелер алса, міндетті түрде осы қарыздарды өтеуге қаражат қарастырылады. Сондықтан, әрине, бұл қаражаттың қайтарымы қамтамасыз етіледі", - деді Смайылов Сенат кулурарында өткен брифингте.

Ол Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеті - салымшылардың зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз ету және көбейту екенін айтты. Сондықтан, зейнетақы қоры тиісті инвестициялық стратегияны қабылдады.

"Салымшылардың активтерін тек осы қаражатты қандай да бір кіріс құралдарына инвестициялау арқылы көбейтуге болады. Осы инвестициялық стратегияға сәйкес зейнетақы қоры салымшылардың қаражатын инвестициялауды жүзеге асырады, бұл активтердің мөлшерін олар нарықтық негізде жүзеге асыратын салымдар бойынша кірістілік есебінен көбейтеді. Нарықтық мөлшерлемелер бойынша және қайтарымды негізде айтып отырмын", - деді премьер-министр.

Оның айтуынша, бүгінде үкімет қаржыландыруды қажет ететін индустрияландыру, көлік, инфрақұрылым салаларындағы ірі жобаларды қарастырып жатыр.

"Біз әртүрлі қаржыландыру көздерін, соның ішінде зейнетақы қорының қаражатын қарастырамыз. (...) Қазіргі уақытта біз тарту шарттары бойынша осы мәселелерді Ұлттық банкпен бірлесіп пысықтап жатырмыз", - деді премьер-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети