04 ақпан 2021 | 16:17

Зейнетақы төлемдері: қазақстандықтарға 151 миллиард теңге аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

3 ақпандағы жағдай бойынша, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша 151 миллиард теңге берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

3 ақпандағы жағдай бойынша, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша 151 миллиард теңге берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылғы 25 қаңтар мен 3 ақпан аралығында уәкілетті операторлардан мақсатты пайдалану үшін мерзімінен бұрын төлемдерді жүзеге асыруға жолдаған 75 131 салымшының өтінішін қабылдады.

БЖЗҚ-ға өтініштердің көбі "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ уәкілетті операторынан түсті. Осы оператор арқылы 2021 жылғы 25 қаңтар мен 3 ақпан аралығында 73 355 өтініш қабылданды.

Жалпы сомасы 294,1 миллиард теңгеге жуық 53 709 өтініш (73 пайыздан аса) алдын ала мақұлданып, өңдеуге қабылданды. БЖЗҚ 19 646 өтінішті (шамамен 27 пайыз) заңнама талаптарына сәйкес келмейтіндіктен қабылдамады.

"Отбасы банк" АҚ уәкілетті операторынан қабылданған 27 327 өтініш бойынша 2021 жылғы 1-3 ақпан аралығында жалпы сомасы шамамен 151 миллиард теңгеге төлемдер жүзеге асырылды. Төлемдердің орташа сомасы 5,5 миллион теңгеден асты.

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ уәкілетті операторынан 28 қаңтар мен 3 ақпан аралығында 1 766 өтініш түсті. Оның ішінде 1 548 өтініш (шамамен 87 пайыз) өңдеуге қабылданды, 228 өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбады. Уәкілетті оператордың арнайы шотына 8,3 миллион теңге аударылды.

Осылайша БЖЗҚ уәкілетті операторлардан өңдеуге өтінімдер қабылдай бастаған 25 қаңтардан бастап жалпы сомасы 301,7 миллиард теңгеден аса сомаға кейіннен төлем жасау үшін 55 257 өтініш өңдеуге алынды. Салымшылардың уәкілетті оператор ретінде айқындалған банктерде ашылған арнайы шоттарына шамамен 151 миллиард теңге аударылды.

Айта кетейік, үкімет қаулысымен бекітілген "Зейнетақы төлемдерін, біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында жүзеге асыру" қағидаларына сәйкес, жинақтарды уәкілетті операторға аудару уәкілетті оператордан БЖЗҚ-ға салымшының өтініші келіп түскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. 

Бұл ретте Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 173-бабына сәйкес уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі оқиғаның басталуы белгіленген күнтізбелік күннен немесе оқиғаның басталуынан кейінгі келесі күні басталады. 

Қолжетімді сома туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мобильді қосымшасы арқылы уәкілеті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға тікелей өтінім берер алдында мұқият тексеру қажет. Салымшының БЖЗҚ-да жеткіліктілік шегінен асатын сомасы болған жағдайда, оны пайдалануға өтінім шексіз рет берілуі мүмкін.

Азаматтардың өтінім беруге және зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін нысаналы пайдалану шарттарына байланысты барлық мәселелерін уәкілетті оператор "бір терезе" қағидаты бойынша қарайды және БЖЗҚ-ға жеке өтініш беру талап етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети