05 ақпан 2021 17:52

Зейнетақы төлемін алу: "Отбасы банк" сенбі күні жұмыс істейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

"Отбасы Банк" бөлімшелері сенбі, 6 ақпанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау және Жаңаөзен қаласында жұмыс істейді. Сенбі күні БЖЗҚ-ға өтінім беруші мерзімінен бұрын алған зейнетақы жинақтары есебінен тұрғын үй қарызын өтей алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Отбасы Банк" бөлімшелері сенбі, 6 ақпанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау және Жаңаөзен қаласында жұмыс істейді. Сенбі күні БЖЗҚ-ға өтінім беруші мерзімінен бұрын алған зейнетақы жинақтары есебінен тұрғын үй қарызын өтей алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Отбасы Банк" бөлімшелері 6 ақпанда сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

"Біржолғы зейнетақы төлемін алушының шотына ақша түскенде, 2021 жылғы 5 ақпанға есептелген қарыздарды мерзімінен бұрын ішінара немесе толық өтеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл клиенттер артық 1 күнге пайыз төлемеу үшін жасалды. Сондай-ақ, 45 жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемдерін аударуға үлгеру үшін алдыңғы күнмен несиені өтеуге мүмкіндік береді", - делінген "Отбасы Банк" хабарламасында.

Сондай-ақ, банк мерзімінен бұрын алынған зейнетақы есебінен қарызды өтеу алгоритмін еске салды:

  1. Банк бөлімшесіне бармас бұрын онлайн-платформадағы жеке кабинетке кіруді ұмытпаңыз. "Банкті таңдаңыз" батырмасын басып "Отбасы банкті" көрсетіңіз және "өтінімді жіберу" батырмасын басыңыз. Құжаттарды жүктеудің қажеті жоқ. Олар банктің дерекқорында сақталған.
  2. Сайтта банк бөлімшесіне келу уақытын көрсетіңіз. Уақытты енгізу кезінде "Посткредит" мақсатын басып "несиені өтеу (ішінара/толық)" операциясын таңдаңыз.
  3. Егер өтінімде сізден бөлек қарыз алушы қосымша тіркелсе, оны шақыруды ұмытпаңыз. Өйткені жаңа өтеу кестесіне қол қою кезінде оның қолы қажет болады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети