Зейнетақыны мерзімінен бұрын алу: Қазақстанда шекті мәндер төмендей ме?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зейнетақыны мерзімінен бұрын алу: Қазақстанда шекті мәндер төмендей ме? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану үшін жеткілікті шекті төмендету туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану үшін жеткілікті шекті төмендету туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде зейнетақы жинақтарының қартаю кезеңінде өмірді жеткілікті қамтамасыз етуге бағытталғанын жақсы түсінеміз. Жинақтарды ерте жаста алу болашақта, кәрілік кезінде, осы төлемдердің нақты құнының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан бүгінде бұл қадамға бармаған дұрыс деп ойлаймын", – деді Светлана Жақыпова.

Қазақстанда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа жеткілікті шек қолданылады. Айта кетейік, 2025 жылға арналған шек өзгеріссіз қалған – олар 2023 және 2024 жылдардағы деңгейде сақталған. Бұл шектер жасқа байланысты 3 миллионнан шамамен 10 миллион теңгеге дейінгі сома болады. Мәселен, 20 жастағы қазақстандықтар үшін бұл көрсеткіш – 3 миллион 260 мың теңге, 30 жастағылар үшін – 4 миллион 580 мың теңге, ал 40 жастағылар үшін – 6 миллион 100 мың теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети