12 сәуір 2022 | 08:59

"Зейнетақының 70 пайызын ұстап қалады". Алматыда қарттар үйінің тұрғындары шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Almaty.tv Фото: ©Almaty.tv

Алматыдағы "Шаңырақ" әлеуметтік орталығындағы қариялар мемлекеттік мекеме пайдасына зейнетақы өндіруді тоқтатуды талап етті. Қарттардың наразылығы әкімшіліктің бәріне бірдей жағдай жасамауынан туындаған, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы "Шаңырақ" әлеуметтік орталығындағы қариялар мемлекеттік мекеме пайдасына зейнетақы өндіруді тоқтатуды талап етті. Қарттардың наразылығы әкімшіліктің бәріне бірдей жағдай жасамауынан туындаған, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, тіпті кей кездері қажетті дәрі-дәрмекті де өз қаражатына сатып алады.

"Алматы" телеарнасының мәліметінше, Инесса Зотова 13 жылдан бері қарттар үйінде тұрады. Кезінде лауазымды қызмет атқарып, зейнетке шыққан. Қазір орталықтың жұмысына да белсене арласып, қарттардың құқығын қорғағым келеді дейді. Ол орталық зейнетақының 70 пайызын мемлекеттік мекеме алып қалатынын айтады.

"Дәрі-дәрмекке тапсырысты қаңтарда бергенбіз, наурызда келді. Қарт кісі болған соң аяқ қақсайды, түрлі жақпа майлар керек. Оны өзіміз сатып алуға мәжбүрміз", - деді "Шаңырақ" әлеуметтік орталығының тұрғыны Инесса Зотова.

Зейнеткерлер дәрі-дәрмекті күтіп қалатын кездер болады дейді. Жалпы,  262 тұрғыны бар әлеуметтік орталықта 79 мүмкіндігі шектеулі қарт кісі бар. Мұндағы медициналық қызметкерлердің сөзінше, олар дәріге мұқтаж емес, бірақ аса күтімді қажет етеді.

Телеарна мәліметінше, бұл әлеуметтік орталықта 2002 жылдан бері тұрып келе жатқан Адасгүл Аққұлова мәселенің түйінін тендерді жою арқылы шешуге болатынын айтады.

"Тендерді кім ойлап тапты? Оны жою керек. Әрине, ол үшін тиісті мекемеге хат жолдау керек", - деді зейнеткер Адасгүл Аққұлова.

Ал орталықтың жаңа тағайындалған директоры қордаланған мәселелерді шешіп жатқанын айтты.

"Менің келгеніме төрт ай болды. Ата-әжелер бұрынғы мәселелерді қайта көтеріп, шағым айтып жатыр. Қазір мәселе жоқ", - деді "Шаңырақ" әлеуметтік қызмет орталығының директоры Тұрарбек Тұманшиев.

"Медициналық әлеуметтік қызметтік мекемеде 1-3 ай уақыт болмаса, оның ақшасын ұстау заңда қарастырылмаған. Біз министрлікке хат жолдадық", – деді қалалық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бас маманы Аязби Каблан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети