26 қазан 2024 | 17:36

Зейнеткерлерден 6 миллион теңгеден аса ақша алған: Көкшетауда екі дроппер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Көкшетауда полицейлер екі дропперді қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Көкшетауда полицейлер екі дропперді қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

18 жастағы жігіттер үш ақмолалық зейнеткерден 6 миллион теңгеден астам ақша алған. Көкшетаудың үш тұрғыны телефон алаяқтарының құрбаны болды.

"22 және 23 қазанда зейнеткерлердің телефондарына бірдей ақпаратпен қоңыраулар түсті. Белгісіз абоненттер өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, немерелерінің жол-көлік оқиғаларына тап болғанын хабарлады. Алаяқтар мәселені ақшаның көмегімен шешуді ұсынды және зейнеткерлерді алдап соңғы жинақтарын алып қойған", - делінген хабарламада.

Зейнеткерлерден ақшалай қаражатты Оңтүстік астанадан Көкшетауға келген 18 жастағы екі курьер алған. Полиция дропперлерді дереу анықтап, ізін суытпай ұстаған.

"Жастардың айтуынша, оларға жеңіл табыс телеграмм қосымшасында ұсынылған. Курьердің жұмысына не кіретінін түсіне отырып, жастар кураторлардың нұсқауы бойынша Көкшетауға келген. Екі күн ішінде олар үш мекенжайды айналып өтіп, қорыққан зейнеткерлерден ақшаларын алған. Олар қолма-қол ақшаны жұмыс беруші көрсеткен шоттарға аударды. Қазіргі уақытта барлық үш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр".

Олар ұсталып, жауап алынып жатыр. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети