Жезқазған әкіміне сөгіс жарияланды

Жезқазған әкіміне сөгіс жарияланды Қайрат Бегімов © karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Жезқазған қаласының әкіміне сөгіс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Жезқазған қаласының әкіміне сөгіс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімінің жұмысын өңір салқын сумен қамтамасыз етілмегендіктен сынаған. 

"Мен сумен қамтамасыз ететін бөлім жұмысын теріс бағалаймын. Сонымен қатар, "Қазақмыс" басшылығына хабарлайтыным: қаланы сумен қамтамасыз етуге жауапты барлық адам ұстанымының сәйкестігіне назар аударыңдар", - деп мәлімдеді Жеңіс Қасымбек.

2020 жылы Жезқазғанның бюджеті 5 миллиардқа өседі. Қарағанды облысының әкімі қаражатты қоғамдық мәселені шешуге тиімді қолдануға шақырды. Жеңіс Қасымбек Жезқазған - Қызылорда трассасы бойынша жөндеу жұмыстары мамырда бітетінін хабарлаған. 2021 жылға қарай Қарағанды-Жезқазған жолында күрделі жұмыс басталатынын мәлімдеген. 

Еске салайық, Қайрат Бегімов 2018 жылы Жезқазған әкімі болып тағайындалған. Бұған дейін ол Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети