Жезқазғанда өзін пышақтап тастаған ер адам қала әкімімен кездесуді талап еткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазғанда өзін пышақтап тастаған ер адам қала әкімімен кездесуді талап еткен

Жезқазғанда өзін пышақтап тастаған ер адам қала әкімімен және ҰҚКД басшысы, сондай-ақ, "Нұр Отан" партиясының өкілдерімен кездесуді талап еткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазғанда өзін пышақтап тастаған ер адам қала әкімімен және ҰҚКД басшысы, сондай-ақ, "Нұр Отан" партиясының өкілдерімен кездесуді талап еткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер айтты.

"Бүгін сағат 11.40-та Жезқазған қалалық соттың ғимаратына үсті қан-жоса болған және пышақ ұстап алған ер адам кіріп келіп, сот төрағасын шақыруды талап етті. Қызметкер полиция жасағы мен жедел жәрдем шақырған. Біраз уақыттан соң прокуратура мен ІІБ қызметкерлері келген. Пышақты тастауын өтінген адамдарды ер адам еш тыңдамады. Бірақ бұл әрекетін ол Қарағанды облыстық сотының оны қайта жұмысқа алу туралы шешіміне қарсы екенімен түсіндірді. Ал кейінірек ол ҰҚКД басшысы, Жезқазған қаласының әкімі, "Нұр Отан" партиясының өкілдерінің келуін талап еткен. Сондай-ақ, өзіне жақындамауын талап еткен. Кейіннен арнайы жасақтағылар оны қарусыздандырып, жедел жәрдем көлігінде алып кетті", - деді ведомстводағылар.

Еске сала кетейік, осыған дейін Жезқазғанда ер адамның сот ғимаратында өзін пышақтап тастағаны хабарланған болатын. Облыстық соттағылардың айтуынша, ер адам "Қазақмыс" корпорациясының бұрынғы қызметкері. "Ол "Қазақмыс" корпорациясының экс-қызметкері. Оқиғаның мән-жайын қазір анықтап жатырмыз", - деген еді ведомстводағылар. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети