Ізгі істер: KAZ Minerals қызметкерлері балалар мен жануарларға қалай көмектесіп жүр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ізгі істер: KAZ Minerals қызметкерлері балалар мен жануарларға қалай көмектесіп жүр? Фото: KAZ Minerals

KAZ Minerals компаниясы қызметкерлері 2025 жылы белсенді түрде атқарған волонтерлік жұмыстар туралы әңгімелеп берді. Өндірістік көрсеткіштермен қатар, бұл жыл компания үшін әлеуметтік бастамалар мен ел аумағында мақсатты көмек көрсету кезеңі болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

KAZ Minerals компаниясы қызметкерлері 2025 жылы белсенді түрде атқарған волонтерлік жұмыстар туралы әңгімелеп берді. Өндірістік көрсеткіштермен қатар, бұл жыл компания үшін әлеуметтік бастамалар мен ел аумағында мақсатты көмек көрсету кезеңі болды.

Компания мәліметінше, "Қамқор" жобасы – Бозшакөл маркшейдерлерінің бастамасы. Олар ай сайын мұқтаж жандарға ақша жинайды. Мақсатты көмек түрлері: азық-түлік, мектеп формасы, өрттен зардап шеккендер мен ауру балаларға қол ұшын беру. Әдетте шамамен 100 мың теңге жиналып, кемінде екі отбасы көмек алады.

Тағы бір игі жоба - "Batyl Jureq". Бастамашысы - Бозшакөлдегі ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Асқар Аужанов. Ол 2010 жылы волонтерлікті бастап, өзімен үндес команда жинады. Бүгінде олар дамуы ерекше балаларға бейімді спорт түрлерін, шығармашылықты, арт-терапия мен инватаксиді қолжетімді етті. 2025 жылы бұл мақсатқа 200 млн теңге тартылды. Қордың командасында 100 адам бар, олардың көбі мүгедек балаларды тәрбиелеп отыр.

Бозшакөл қызметкерлері павлодарлық "Ашық жүректер" Қорын қолдау үшін пластикалық қақпақтар жинайды. Түскен ақша балалардың еміне жұмсалады.

Қазақстанның шығысындағы Артемьев пен Ертіс кеніштерінің қызметкерлері ауылдардың тазалығын қамтамасыз етіп, балалар үйіне көмектеседі. Ең әсерлі шаралардың бірі Өскемендегі кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу Орталығына көмек ұйымдастыру сәті болды. Қызметкерлердің көбі Орталыққа киім, аяқ киім, жазу-сызу құралдарын сыйға тартты. Көбісі өз балаларының заттарын сыйға тартты - ұқыпты, сүйікті, бірақ балалары өсіп кеткен.

Бозымшақтағы жұмысшылар көрші Кок-Таш пен Кок-Серек ауылдарының балаларына ойыншық, кітаптар мен киім жинайды.

Ақтоғайда иесіз жануарларға көмектеседі. Басқару дағдылары бойынша жаттықтырушы Татьяна Ефремова көшедегі мысықтар мен иттерді зарарсыздандыру жұмысын ұйымдастырды. Оның туған қаласы Леңгірде ветеринар болмағандықтан маманды Шымкенттен алдырған.

Өз ақшасы мен әріптестерінің көмегі арқасында ол 300-ге жуық жануарды зарарсыздандырды. Сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлері кеніш аумағына адасып кіріп кеткен жануарларға да көмектеседі. Оларды емдейді, зарарсыздандырады және қамқор жандарға табыстайды.

Компания мұндай жобалар көмектесіп қана қоймай, ұжымда өзара қолдау мен сенімділікті қалыптастыратынына сенімді. Жалпы 2025 жылы компания білім, денсаулық, мәдениет пен инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 140-тан аса әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.

Фото: KAZ Minerals

Tengrinews
Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети