Зират маңына апарып соққыға жыққан: атыраулық блогер үндеу жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зират маңына апарып соққыға жыққан: атыраулық блогер үндеу жасады видео кадры

Атыраулық блогер әлеуметтік желіде жантүршігерлік жайт туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраулық блогер әлеуметтік желіде жантүршігерлік жайт туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы

Блогердің сөзінше, ол Ыстамбұлға турды жарнамалауға келіскен. Кейін өзі де 100 мың теңге алдын ала төлеген. Алайда тур жасалмаған. Ал ұйымдастырушыдан ақшасын қайтаруды талап еткен кезде оған қоқан-лоқы жасала бастаған.

Жәбірленушінің сөзінше, 3 қазанда турды ұйымдастырған қыз құрбысымен бірге оны аңдып, "сөйлесейік" деп көлікке отырғызған, кейін зират маңына апарып, ұрып-соққан.

Полиция пікірі

Атырау облыстық ПД мәліметінше, 4 қазанда 25 жастағы атыраулық тұрғын өзіне таныстары дене жарақатын салғаны жөнінде арызбен жүгінген.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер анықталып, полицияға жеткізілді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау жазбалары алынды. Куәгерлерден жауап алынып, беттестіру өткізіліп жатыр. Бұл істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда", - деді Атырау облыстық ПД басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети