16 қараша 2016 16:20

Зілзала болғанға ұқсады - EXPO-2017 аумағындағы төтенше оқиғаның куәгері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер EXPO-2017 аумағында болған төтенше жағдайдың мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Куәгер EXPO-2017 аумағында болған төтенше жағдайдың мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көрме кешеніндегі павильондарда жұмыс істеп жүрген лифт компаниясының қызметкері Николай Костенко төтенше жағдай болмай тұрып 2 минут бұрын кетіп, аман қалған. Журналистерге берген сұхбатында ол болған оқиғаның мән-жайын айтып берді.

"Төтенше жағдай С 1-3 пен С1-4 павильондарының арасында болған. Олардың арасында шыныдан салынған көпір орналасқан еді. Енді сол көпір бүгін опырылды. Мына жағдай болмас бұрын кетіп қалғаным жақсы болыпты. Мен павильонға кірген соң ғана жер сілкінісі болғандай дыбыстарды естідім", - деді ер адам.

Оның айтуынша, бұл оқиға түскі үзіліс кезінде болған. Сол уақытта онда жұмысшылар да болмапты.

Сондай-ақ, ер адам қазіргі уақытта онда төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатқанын айтты. Оның ойынша, бұл жағдай мына себептерге байланысты болып отыр: "Шыныдан салынған көпір жауған қарды көтере алмады. Қазір енді бұл мәселемен айналысады. (...) Егер де мұның барлығын қайта қалпына келтіретін болса, бұл қиынға соғады. Онсыз да бұл шыны көпірді бір жыл бойы салған болатын", - деді Николай Костенко.

Лифт компаниясының қызметкерінің айтуынша, опырылған құрылыс бөліктерінің астында павильондардың біріне орнатылуы тиіс эскалаторлар қалып қалды.

"Біз павильондарға лифт орнатып жатқан болатынбыз. Жұмысшыларымыз әрең дегенде ол жақтан қашып шыға алады. Біз екі эскалаторды орнатуымыз керек болатын. Оларды сыртқа шығарып, түскі асқа кеткен едік. Осылайша эскалаторлар опырылған құрылыстың астында қалып қойды", - деді куәгер.

Еске салайық, осыған дейін Астанадағы EXPO-2017 аумағында құрылыс бөлігінің опырылғаны хабарланған болатын. Бұл бүгін, 16 қарашада бірнеше сағат бұрын болып отырған жағдай Ал кейінірек онда болған төтенше жағдайдан бір жұмысшының ауруханаға түскені айтылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети