Жол-көлік оқиғасы ІІД бастығы орынбасарының жұмыстан кетуіне себеп болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жол-көлік оқиғасы ІІД бастығы орынбасарының жұмыстан кетуіне себеп болды ©Тengrinews.kz

Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары мас полицейдің кінәсінен болған жол-көлік оқиғасына байланысты қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары мас полицейдің кінәсінен болған жол-көлік оқиғасына байланысты қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қарағанды облысында болған осы жол-көлік оқиғасы бойынша селекторлық байланыспен жұмыс кеңесін өткізді. Кеңес барысында министр ішкі істер департаменті жеке құрамының тәртібін сынға алып, Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Болат Ахымбековті қызметінен босату туралы бұйрық шығаратынын мәлімдеді. "Сіздің қателігіңіз - ішкі істер қызметкерлерінің қызметтік көлікті жұмыстан тыс уақытта пайдалануына жол бергеніңізде", - деді министр.

Дегенмен Ахымбеков ішкі істер органының кадрлық резервінде қалып, бос жұмыс орнын күтетін болады.

Еске сала кетейік, Қарағанды ішкі істер басқармасының Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі бастығының шұғыл мәселелер жөніндегі орынбасары Жансерік Дәуренбеков мас күйде қызметтік көлігімен бір қызды қағып кеткен болатын. Бұдан кейін Қарағанды ішкі істер басқармасының Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің бастығы мен оның кадр мәселелері жөніндегі орынбасары және Жаңамайқұдық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Жол-көлік оқиғасына кінәлі полицей Абай аудандық сотының санкциясымен тұтқындалды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети