Жомарт Ертаевты Астанаға алып келді

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жомарт Ертаевты Астанаға алып келді Жомарт Ертаев. © Мұрағаттан алынған сурет

Қазақстан Бас прокуратурасы қызметкерлері Жомарт Ертаевты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады. Бұл туралы ведомство сайтында жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Бас прокуратурасы қызметкерлері Жомарт Ертаевты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады. Бұл туралы ведомство сайтында жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Былтыр наурызда оған халықаралық іздеу жарияланған. 

"Жомарт Ертаев 2011-2017 жылдар аралығында қызметін пайдалана отырып, BANK RBK АҚ-дан 144 миллиард теңге ұрлады деген күдікке ілінді", - деп хабарлады Бас прокуратура өкілдері. 

Сондай-ақ, ведомстводағылар Ертаевпен бірге ақша жымқырды деп 54 адамнан, оның ішінде 41 топ-менеджер мен банк қызметкерлерінен күдіктеніп отыр. Олар мұның алдында экстрадицияланған Ибрагим Б., Мәженов И., Туғанбай Д., Едігенев Д., Мамырбеков А., Шарипов Т. және басқалар.

Тергеу барысында қабылданған шара нәтижесі бойынша, 15 миллиард теңге өтелді және 48 миллиард теңге тұратын мүлік тәркіленді. 

"Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар іс бойынша тергеуді аяқтады. Процеске қатысушылар материалдармен танысып жатыр", - деп толықтырды Бас прокуратура өкілдері.

Жомарт Ертаев Астананың тергеу изоляторына қамалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети