Жөндеуден өткен "Бәйтерек" монументі қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жөндеуден өткен "Бәйтерек" монументі қандай?

Астанада "Бәйтерек" монументі күрделі жөндеуден өтті. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан астанасының басты символына айналған ғимаратта болып қайтты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада "Бәйтерек" монументі күрделі жөндеуден өтті. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан астанасының басты символына айналған ғимаратта болып қайтты. 

 

Астананың көрікті жерлерінің бірі болып саналатын ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары 2017 жылдың басында басталды. "Бәйтеректің" вентиляциялары, ауа өткізгіштері және санитехникасы ауыстырылды, сонымен қатар кондиционер жүйесі жөнделді. 

 

Монументтің сырты сырланды, мәрмәр плиталары, баспалдақ ауыстырылды. Түрлі түсті гаммасы бұрынғы болып қала берді - ақ және алтын түстер.  

 

Жарылған шыны пакеттер қайта ауысытырылып, орнына берік шыны салынды. Италиялық технологиямен шығарылған шыны пакеттері суыққа шыдап, елорданың қатты желіне де төтеп береді. 

 

Сонымен қатар, лифт шахталарында екі жақты шыны пакеттер орнатылған энергияны үнемдеу құрылғылары орнатылған. Сәулетші мұнда силикон герметик қолданыпты, ол шынылардың жарылып кетуінен сақтайды. 

 

Ішкі безендірілуінде де өзгерістер болды: үлкен зал, кофехана, сувенир салоны мен гардероб жаңарды.

 

"Бәйтерек" монументіне өзгерістер енгізілгеннен кейін мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети