Зорлау ісінен кейін Алматыдағы балалар үйінің директоры қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зорлау ісінен кейін Алматыдағы балалар үйінің директоры қызметінен кетті © cso-central.asia

Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің директоры Гүлмаржан Шонаева мекемеде балаларды зорлау ісінен кейін қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің директоры Гүлмаржан Шонаева мекемеде балаларды зорлау ісінен кейін қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"18 сәуірден бастап өз қалауымен қызметінен кетті, қазіргі уақытта ол балалар үйінде жұмыс істеп жатқан жоқ. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу қорытындысы бізге хабарланбады", - деп хабарлады білім басқармасының бас маманы Сәуле Мұхақожаева.

Директор болып Ақмарал Шатаева тағайындалды, ол бұған дейін №2 балалар үйін басқарған.

Еске салайық, Алматыдағы №1 балалар үйінде ақпан айында шу шыққан еді. Бұл кезде 13 жастағы бала (кейбір мәлімет бойынша ол 10 жаста) видеокамера алдында тұрып, өз тәрбиешісінен бірнеше рет сексуалдық зорлық көргенін мәлімдеген. Видео БАҚ-тарда жария болған.

Балалар үйінің басшылығы жеткіншектің сөзін қиялының жемісі деп атаған еді. Ал Білім басқармасындағылар қызметтік тексерістің жүргенін, оның қорытындысы бойынша сексуалдық зорлық деректерінің расталмағанын мәлімдеген болатын. Алайда 19 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынған. Кейін мекеме директорыжұмыстан босатылды. Тергеу жалғасып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети