Жұмабай Қарағаев энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Жұмабай Қарағаев энергетика вице-министрі болып тағайындалды © primeminister.kz

Жұмабай Қарағаев энергетика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жұмабай Қарағаев энергетика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметі қаулысымен Қарағаев Жұмабай Ғаббасұлы энергетика вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Жұмабай Қарағаев 1971 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Губкин атындағы Мәскеу университетінің түлегі, техника ғылымдарының кандидаты. 

Әртүрлі жылдары Атырау және Маңғыстау облыстарындағы жеке компанияның басшысы, Атырау қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарды. 

Жұмабай Қарағаев Атырау облысы әкімінің орынбасары, Атырау облысының мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы, Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. Сонымен қатар, Атырау облысы Мақат ауданының әкімі болған. 

Биыл қыркүйектен Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети