Жүргізушілер автотұрақ ережелерін бұзуға мәжбүр - ІІМ басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүргізушілер автотұрақ ережелерін бұзуға мәжбүр - ІІМ басшысы © Тұрар Қазанғапов

ҚР ішкі істер министрі жүргізушілердің автотұрақ ережелерін бұзуға мәжбүр екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ішкі істер министрі жүргізушілердің автотұрақ ережелерін бұзуға мәжбүр екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, қаладағы көліктерге арналған жоспар жетілдірілмегендіктен, қазақстандық көлік жүргізушілердің көбі автотұрақта көлік қоятын кезде ережелерді бұзуға мәжбүр. Сонымен қатар, министр осыған байланысты жыл сайын 20 мың жүргізушінің жауапкершілікке тартылатынын айтып өтті.

"Полицейлердің жолдарды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін қолданып жүрген шаралары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің мәселесін шешуге еш септігін тигізіп жатқан жоқ. Елімізде автотұрақ орындары жеткіліксіз. Біз жыл сайын автотұрақтарда ереже бұзған 20 мыңнан аса жүргізушіні жауапкершілікке тартамыз. Осылайша жүргізушілерге көлікті тұраққа қоятын орындардың дұрыс жоспарланбауы себебінен ереже бұзуына тура келеді", - деді ішкі істер министрі.

Сондай-ақ, Қалмұханбет Қасымов облыстарда автотұрақ орындарының жетіспеушілігі мәселесінің әлі де шешілмей жатқанын айтты.

"Өздеріңіз білетіндей, Астанада және Алматыда жергілікті атқарушы органдар ақылы автотұрақтарды енгізіп жатыр. Алайда басқа өңірлердегі атқарушы органдар қажетті шараларды толықтай қолданып жатқан жоқ", - деді ІІМ басшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети