Журналистерге нашар жауап берген мемқызметшілердің жалақысы қысқаруы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Журналистерге нашар жауап берген мемқызметшілердің жалақысы қысқаруы мүмкін © unsplash.com

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы олардың журналистер жолдаған сауалдарға берген жауабының сапасына байланысты болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы олардың журналистер жолдаған сауалдарға берген жауабының сапасына байланысты болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абаев журналистерге берілген жауаптардың сапасы мен оның жолданған уақытының бонустық-балдық жүйеде ескерілетінін айтты.

"Яғни, егер ол журналиске жауап бермесе, оның рейтингі түседі. Ол дегеніміз аз жалақы мен аз бонус алады деген сөз. (...) Қызметкерде арнайы KPI (жеткен жетістіктерінің көрсеткіші - автор.) болады. Ол сол көрсеткішке сәйкес болуы тиіс, соған байланысты жұмыс істеуі керек. Ал басшысы оны бақылап отырады - KPI-ге сәйкес пе, жоқ па. Оны жұмыстан қуып жіберіп, орнына басқа біреуді алса да болады. Кез келген шенеунік журналистерге жауап беруі тиіс. Себебі ол алда сұрақтардың әлі де болатынын түсінеді", - деді Абаев Мәжіліс отырысынан тыс.

Сондай-ақ, Абаев БАҚ өкілдеріне ресми жауап берудегі ережелерге тоқталды.

"Мемлекеттік органдарда ішкі регламенттеу бар. Яғни, төтенше жағдай болған жағдайда біз бір сағат ішінде сол жағдай бойынша міндетті түрде түсінік беруіміз қажет. Ал ол оқиға ресми хабарламаларда шығып қойған жағдайда біз оған байланысты пікірді үш күн ішінде емес, екі күнде беруіміз қажет. Біз уақытта керісінше қысқартып жатырмыз. (...) Ресми өкіл деген түсінікті енгізіп жатырмыз. Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысқа шығып, оларға жеке-жеке жауап беретін адамға статус беріп жатырмыз", - деді министр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети