Жүздеген миллиардтың жымқырылғанын елге жар салдыңыздар. Нәтижесінде дым да жоқ - Нығматулин Есеп комитеті жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүздеген миллиардтың жымқырылғанын елге жар салдыңыздар. Нәтижесінде дым да жоқ - Нығматулин Есеп комитеті жайлы

ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінен жүргізілген тексерістердің қорытындысы бойынша неліктен бірде-бір қылмыстық іс қозғалмағанын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Материалдарды құқық қорғау органдарына өткізетіндеріңізді айтасыздар. Алайда өткен жылы материалдарыңыз бойынша бірде-бір айыптау үкімі шығарылмады. Елде сотқа тікелей шыға алатын жалғыз құзырлы орган болсаңыздар да, сіздерден сот инстанциясына бірде-бір хабар түспеді. Тіпті берген материалдарыңыз бойынша да сотқа жетпейді. Көп жағдайда бұл істер жолданған материалдардың сапасы нашар болғандықтан сотқа жетпейді", - деді Нұрлан Нығматулин Мәжілістегі жалпы отырыста Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібековке. 

"Мұнда тексеру процесі емес, оның нәтижесі - өтелген шығын көлемі, заңбұзушылық бойынша жауапқа тартылғандардың саны маңызды (...) Жүздеген миллиардтың жымқырылғанын елге жар салып айттыңыздар. Ал нәтижесінде дым да жоқ", - дейді Мәжіліс спикері.

Нұрмұхамбет Әбдібеков бұл сұраққа 2016 жылдың қорытындысы бойынша анықталған қылмыстар бойынша бірінші кезекте анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін нысандарды бақылау бойынша ұйғарым берілетінін айтып, түсіндірді. 

"Өткен жылы 29 дерек тіркелді, мұнда қылмыстық жауапкершілікке тартуға жататын қаржы заңбұзушылықтары анықталып, қаралды, құқық қорғау органдарына жолданды, оның бүгінде 14-і қабылданбады, мұның себебін олар өздері түсіндіре алатын шығар. (...) Сынды қабылдаймыз, өте дұрыс. Түзетеміз", - деп жауап берді Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети