10 сәуір 2014 11:27

Зырян мен Аягөз аудандық маңызы бар қала саналатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зырян қаласының таңбасы. ©Ru.wikipedia.org Зырян қаласының таңбасы. ©Ru.wikipedia.org

Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян және Аягөз қалалары бұдан былай аудандық маңызы бар қалалар санатына жатады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тиісті жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін: Шығыс Қазақстан облысының Зырян және Аягөз қалалары аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген жарлықта.

Зырян - Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян ауданының орталығы. 1791 жылы негізі қаланған елді мекенде 38 мыңнан астам халық тұрады. Аягөз - осылай аталатын ауданның орталығы. Оның халқының саны - 41,5 мың адам.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети