Жыл соңына дейін Ақтөбе облысында 4700-ге жуық отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл соңына дейін Ақтөбе облысында 4700-ге жуық отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі

Жыл соңына дейін Ақтөбе облысындағы 4 мың 700 отбасы баспанамен қамтылады. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.

"Тұрғын үй құрылысы бойынша: бүгінгі таңда біз 344 мың 60 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға бердік. Осы жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш кем дегенде 476 мың шаршы метр болады. Нәтижесінде біз шамамен 4 мың 700 отбасыны пәтермен қамтамасыз етеміз", - деді ол бүгін ОКҚ брифингінде.

"Біз көздердің бірі - коммерциялық тұрғын үйді дамыту деп есептейміз. Өз бизнесмендерімізбен сөйлестік, олар келісімдерін білдірді, біз енді осыны қолға аламыз", - деп толықтырды Сапарбаев.

Сонымен қатар, облыстың ТКШ саласындағы мәселелерге тоқталған әкім "мұнда, еліміздің басқа өңірлеріндегідей басты мәселе желілердің тозуы болып отыр" деді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети