Аты аңызға айналған жұлдыз Джет Ли жақында туған күнін атап өтті - 26 сәуірде ол 63 жасқа толды. Актер түсірілген бірнеше видео Instagram әлеуметтік желісінде танымал болып жатыр, - деп хабарлайды Tengri Life.
Видео
Жақында әлеуметтік желілерде актердің қызымен түскен видеосы пайда болды. Роликте олар туған күнге қатысты танымал трендті түсіріп, оны әсерлі көрініске айналдырған.
"Қызың өзіне сенуіңді сұрағанда", - деп жазды Ли.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Видео қолданушылар назарын аударды: әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар актерді туған күнімен құттықтап, пікір қалдырып жатыр.
- "Бәріміз сізді құттықтаймыз"
- "Туған күніңізбен, аңыз адам"
- "Үздік актер"
- "Менің ең сүйікті актерім"
- "Балалық шақ үшін рақмет"
Бұдан бөлек, әлеуметтік желілерде Джет Ли бейнеленген тағы бір видео кең тарады. Бұл роликте актер өткенге "саяхаттап", өзінің 90-жылдардағы бейнесін көрсетеді. Кадрлар ностальгия тудырады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Джет Ли туралы
Джет Ли - жекпе-жек өнерінің шебері және боевик жанрында ең танымал рөлдерді орындаған актер.
Ол 1963 жылы Бейжіңде дүниеге келген және бала кезінен ушумен айналысқан. Осының арқасында ол танымалдылыққа ие болып, кинодағы мансабын бастады.
Оған әлемдік деңгейдегі танымалдылықты актерлік шеберлігі мен жекпе-жек өнерінің жоғары техникасын ұштастырған қытайлық және голливудтық фильмдер алып келді.
Оның ең танымал туындыларының қатарында - "Герой", "Бесстрашный", "Ромео должен умереть".