30 мамыр 2017 13:43

Астана әуежайының жаңа терминалы халықаралық рейстерді қабылдай алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайындағы жаңа терминалдың құрылысы аяқталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.


Астана әуежайындағы жаңа терминалдың құрылысы аяқталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бұл жоба әуежайдың көлемін екі жарым есеге ұлғайтып, ЭКСПО-ны өткізу кезінде жолаушылар ағынының қалыпты болуын қамтамасыз етеді.

"Бүгінгі күні жаңа терминал ғимаратының құрылысы аяқталды. Жұмыстар жылдам қарқынмен жүргізілуде. 1 маусым алғашқы жолаушыларды қабылдауға дайынбыз. Қазір бір жүйеде жұмыс істеу үшін барлық құрылғыларды тексеріп, соңғы жұмыстарды пысықтап жатырмыз, - деді Астана қаласы әкімдігінің меди орталығы тілшісіне берген сұхбатында "Астана халықаралық әуежайы" АҚ басқарушы директоры Қуандық Рыспаев.

Елорда әуежайының жаңа терминал құрылысы 3 жылға созылған болатын. Жоба жаңадан басталып, онда көлемі 47 мың текше метрді құрайтын үш үлкен келу-кету алаңы, инфақұрылымды нысандар мен жаңа ұшақ тұрағы және де VIP-терминал қарастырылған.

"Жобаның ерекшелігі - екі жылжымалы гейт ұстайтын көпірде. Яғни әуе кемесіне қызмет көрсетуде бір уақытта екі гейт– жолаушыларды отырғызу мен түсіруге көмектесетін түйістірме шлюз қолданылады.Егер бұрын бұны жасау қиын болса, қазір біз лекті бөлеміз, соның арқасында екі әуе кемесіне бір уақытта қызмет көрсету мүмкіндігі туады", - деп мәлімдеді Қуандық Рыспаев.

Ескі терминал ішкі рейстерде, ал жаңасы халықаралық рейстер үшін қолданылатын болады. Оның ішінде компьютерлермен жабдықталған офистер, wi-fiорнатылады, сондай-ақ алты әр түрлі орындықтары бар орындар да қарастырылған. Терминалдың үстіңгі қабаты толықтай мейрамханаға беріледі, бұдан бөлек, өзге әуежайлардағыдай жоғары лауазымды тұлғаларға VIP-орындар да қарастырылмақ.

"Жаңа терминалды пайдалануға беру әуежайдың өткізу деңгейін 2,5 есеге жоғарылатуға мүмкіндік береді: егер осыған дейін біз жыл сайын 3 миллион жолаушыны қабылдай алсақ, жаңа терминал құрылысының аяқталуымен жолаушылар легі жылына 8,2 миллион есеге ұлғаяды. Болашақта әуежай ірі көліктік хабқа айналады, - дейді "Астана халықаралық әуежайы" АҚ басқарушы директоры.

Нысанның құрылысына 1000-ға жуық адам жұмылдырылған. Бұл Қазақстанның және шетелдің жоғары білікті мамандары. Ғимараттың ішкі холында жұмыстар жүргізілуде және жаңа терминал жабдықтарын монтаждау аяқталуға жақын. 

"Қазіргі уақытта әуежай алдында алаң дайындалудажарты бөлігін аштық, сондықтан жолаушылардың көңілі толады деп сенемін. Жаңа терминал ашылған соң рейс саны да көбейеді. Жаңа авиакомпаниялар қосылады, жаңа авиажелі ашамыз, халықаралық деңгейге шығамыз", - дейді ол.

Оның сөзінше, жаңа терминалда 400 адам еңбек ететін болады. Бұл - шекара және кеден қызметі, полицейлер және де авиакомпаниялардың өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети