29 қыркүйек 2021 | 11:29

Павлодар мұнай-химия зауыты 1 қазаннан бастап жөндеуге тоқтатылады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:pnhz.kz Фото:pnhz.kz

Павлодар мұнай-химия зауыты 1 қазаннан бастап жоспарлы жөндеуге байланысты тоқтатылады. Бұл туралы сайтындағы хабарламада айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар мұнай-химия зауыты 1 қазаннан бастап жоспарлы жөндеуге байланысты тоқтатылады. Бұл туралы сайтындағы хабарламада айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зауыттың барлық технологиялық қондырғысын жөндеу жоспарланған. Зауыт қазан айының соңында тұрақты жұмыс режиміне көшеді деп жоспарланып отыр. Бұл кезде Атырау мен Шымкент зауыттары қарқынды жұмыс істейді.

Биыл ПМХЗ-дағы жөндеу екі рет кейінге қалдырылды. Бірінші жоспарлы профилактикалық жұмыстар шілдеден қыркүйекке ауыстырылды, содан кейін қыркүйектен қазанға ауыстырылды.

"Бұлай ауыстырудың негізгі себебі дизель отынына деген ішкі нарықтағы, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің сұранысын ескере отырып, тепе-теңдікті сақтау қажеттігінен болды", - делінген ПМХЗ сайтында.

Бұрын Қазақстанның оңтүстік облыстарында дизель отыны мен бензин тапшылығы байқалды. Маусым айында республиканың оңтүстігінде мұнай өнімдерін жеткізуде үзіліс болды. Шымкент мұнай өңдеу зауыты жөндеуге тоқтатылды. Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың айтуынша, бұл зауыт іске қосылардан 5-6 күн бұрын Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында орналасқан жанармай құю бекеттерінің иелері Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Павлодар мұнай-химия зауытына өтінім беруді бірден қысқартты. Өйткені теміржол жолақысы жоғары болды. Кәсіпкерлер жөндеуден кейін Шымкент мұнай өңдеу зауытының іске қосылуын күтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети