Перуде полиция 7 тоннадан астам кокаинді тәркіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Перуде полиция 7 тоннадан астам кокаинді тәркіледі © РИА Новости

Перу полициясы 300 000 миллион доллар тұратын 7,6 тонна кокаинді тәркіледі. Бұл – рекордтық көрсеткіш, - деп хабарлайды Agence France-Presse.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Перу полициясы 300 000 миллион доллар тұратын 7,6 тонна кокаинді тәркіледі. Бұл – рекордтық көрсеткіш, - деп хабарлайды Agence France-Presse.

Кокаин топтамасы тасымалдану үшін Перудің Трухильо қаласында көмір таситын контейнердің ішінде жасырылған. Республиканың ІІМ-нің мәліметіне қарағанда, жүк Испания мен Бельгияға жеткізілуі керек болған. Құқық қорғау органдары кокаин елде наша кәсібімен айналысатын мексикалық кәсіпкерге тиесілі екенін айтуда. "Бұл тарихи оперция. Ең көп тәркіленген кокаин топтамасы", - дейді республиканың ІІМ өкілі. 

Еске салайық, 2014 жылдың шілдесінде Қазақстанда құқық қорғау органдары Голландиядан гүлмен араласып келген кокаинді тәркілеген. Еліміздің қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің ақпаратына қарағанда, Қазақстанға кокаинді сирек жеткізеді. Ресми мәлімет бойынша, елімізде бірінші жартыжылдықтың ішінде заңсыз тауар айналымынан 47 келі наша тәркіленген. Оның 40 келісі героин, 4 келісі  гашиш. Наша тәркілеуге қатысты еліміздегі соңғы оқиға "Қарасу" кеден бекетінде болған. Кеден қызметкерлері Ресей азаматының автокөлігінен 25 келі героин мен 3 келі гашиш тапқан. Ол нашаны газ балонының ішіне жасырған. 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети