Бразилиялық депутат Жоао Родригес парламентте ұялы телефонынан порно көріп отырған жерінен ұсталды, - деп хабарлайды The Independent. Әлеуметтік-Демократиялық партияның өкілі бұл уақытта электрондық сайлау реформасының пікірталасында болған. Ол порноны өзі көріп қана қоймай, әріптестеріне де көрсеткен.

Депутат өзінің әрекетін тілшілерге "кездейсоқ" деп түсіндірді. Оның айтуынша, видеоны ол WhatsApp арқылы алыпты. Депутат файлды өшіріп, оны жіберген адамға тосқауыл қойғанын айтты. Айта кетейік, оның әлеуметтік желілердегі парақшалары түрлі пікірлерге толды. Оның көбі депутатты қолдап жазылған позитивтік пікірлер.
Еске сала кетейік, Қытай тұрғындары порно қараудан көшбасшы атанған болатын. Gizmodo басылымының хабарлауынша, қытайлар порноны орташа есеппен бір күнде 14 минут 34 секунд көреді екен. Қытайдан кейін порнографияға әуес елдер - Филиппин, Непал, Оңтүстік Корея, Нигер, Буркина-Фасо, Бенин, Камерун, Сенегал, Ботсвана және Мадагаскар. Инфографикада Қазақстан жайлы ақпарат жоқ.