Венесуэла әлемнің ең қауіпті елі атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венесуэла әлемнің ең қауіпті елі атанды ©fototelegraf.ru

Венесуэла әлемдегі ең қауіпті ел атанды, - деп хабарлайды РИА Новости Gallup талдау компаниясы жариялаған азаматтық қауіпсіздік индексіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венесуэла әлемдегі ең қауіпті ел атанды, - деп хабарлайды РИА Новости Gallup талдау компаниясы жариялаған азаматтық қауіпсіздік индексіне сілтеме жасап.

Бұл индекс полицияға деген сенім, азаматтардың қауіпсіздік деңгейін қабылдауы, тонау деректерінің тіркелуі сияқты көрсеткіштерді есепке алады. Венесуэлада респонденттердің 74%-ы полицияға сенбейтін болып шықты. Ересектердің 19%-ы ғана түнде көшеге шығудан қорықпайды, сауалнамаға қатысушылардың 22%-ы соңғы жыл көлемінде өздерінің немесе туыстарының қарақшылардың құбаны болғанын, яғни тоналғанын айтқан. 

БҰҰ-ның есірткі мен қылмыс жөніндегі басқармасының мәліметінше, Венесуэла кісі өлімі жөнінен Гондурастан кейінгі екінші орында. Гондураста 100 мың адамға шаққанда 90,4 кісі өлтіру дерегінен келеді, Венесуэлада бұл көрсеткіш - 53,7, үшінші орында 44,7 көрсеткішпен Белиз тұр. Сарапшылардың айтуынша, Латын Америкасындағы ең қауіпсіз ел - Никарагуа, бұл елде билік халықтың өмір сүру деңгейінің төмендігіне қарамастан, қылмыстық ахуалды бақылауда ұстай алып отыр. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети