ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 25 маусым 2026 08:21
Венесуэла билігі жойқын жер сілкінісінен кейін ТЖ режимін жариялады
Венесуэланың өкілетті президенті Дельси Родригес елде болған жойқын жер сілкіністерінен кейін билік төтенше жағдай режимін енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Венесуэланың өкілетті президенті Дельси Родригес елде болған жойқын жер сілкіністерінен кейін билік төтенше жағдай режимін енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, ол бұл туралы халыққа жолдаған бейнеүндеуінде айтқан.
"Біз қазіргі сәтте конституциямызда қарастырылғандай төтенше жағдай режимін енгіземіз", - деді Родригес.
Сонымен қатар The New York Times басылымының хабарлауынша, ол дүмпуден қаза тапқандардың нақты санын айтпады, тек құрбандардың отбасыларына көңіл айтты.
"Жақынынан айырылған жандарға шын жүректен көңіл айтамыз", - деген Родригес дәрігерлер мен медбикелерді зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жұмысқа шығуға шақырды.
Өкілетті президент Каракас маңындағы Майкетия халықаралық әуежайының зақымдалғанын және келесі хабарламаға дейін жабық болатынын түсіндірді. Сондай-ақ Родригес Венесуэламен байланысқа шығып, ниеттестік білдірген және қолдау ұсынған елдерге, соның ішінде Америка Құрама Штаттарына алғыс айтты.
Сонымен қатар әлеуметтік желілерде жер сілкінісі кезінде әуежай терминалдарын үрей құшағында тастап қашып жатқан жолаушылардың бейнежазбалары пайда болды.
Еске сала кетейік, бірнеше сағат бұрын Венесуэла аумағында екі мәрте қуатты жерасты дүмпуі болған еді. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, бірінші жер сілкінісінің магнитудасы 7,1-ді құрады. Небәрі бір минуттан соң магнитудасы 7,5 болатын бұдан да күшті екінші сілкініс тіркелді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу