Венесуэлада бір минут аралықпен екі қуатты жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венесуэлада бір минут аралықпен екі қуатты жер сілкінісі болды Фото: x.com/NTN24

Венесуэлада небәрі бір минуттық аралықпен екі қуатты жер сілкінісі болды. Соның салдарынан ел астанасы Каракаста ғимараттар қирады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NBC News-ке сілтеме жасап.


Венесуэлада небәрі бір минуттық аралықпен екі қуатты жер сілкінісі болды. Соның салдарынан ел астанасы Каракаста ғимараттар қирады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NBC News-ке сілтеме жасап.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, бірінші жер сілкінісінің магнитудасы 7,1-ді құрады. Оның эпицентрі Кариб теңізінің жағалауындағы Морон қаласынан батысқа қарай, Каракастан шамамен 168 шақырым жерде орналасқан. Ошағы 13 шақырым тереңдікте болды.

Тура бір минуттан кейін магнитудасы 7,5 болатын одан да қуатты екінші жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы 10 шақырым тереңдікте, ал эпицентрі Мороннан оңтүстік-батысқа қарай 16 шақырым жерде болды.

Материалда бұл сілкіністер Венесуэлада кейінгі уақыттарда болған ең жойқын жер сілкіністерінің бірі екені атап өтілген.

Каракаста тұрғындар тербелген ғимараттардан үрейленіп далаға қашты. Көптеген мейрамхана мен басқа да мекемелер орналасқан астананың екі ауданында шаң көтерілді.

Венесуэланың ішкі істер министрі Диосдадо Кабельо жерасты дүмпулері бірден бірнеше штатта сезілгенін хабарлады. Оның айтуынша, Каракастың Альтамира ауданында қирандылар салдарынан қауіпті жағдай қалыптасқан. Ол зардап шеккендер болуы мүмкін екенін айтып, жүргізушілерді жедел жәрдем және басқа да төтенше жағдайлар техникасына жол беруге шақырды.

"Халықтың үрейге бой алдыруын түсінеміз, бірақ біз көмекке ең мұқтаж жандарға құтқару жұмыстарын ұйымдастыру үшін бекітілген хаттамаларға сәйкес әрекет етіп жатырмыз. Балалар мен қарттарға ерекше назар аударыңыздар, бір-біріңізге хабарласып, ешкімнің зардап шекпегеніне көз жеткізіңіздер", - деді Кабельо.

Сондай-ақ ол тұрғындарды далада қалуға шақырды, өйткені қайталанған жерасты дүмпулері жаңа қирауларға әкеп соғуы мүмкін.

Бұған дейін Филиппинде қуатты жер сілкінісі болған еді. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, магнитуда 7,8-ді құрап, ошағы шамамен 35 шақырым тереңдікте орналасқан. БАҚ мәліметінше, кем дегенде 32 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жарақат алған.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.89   552.33   6.51 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +28
Ақтау +27
Ақтөбе +23
Атырау +26
Б
Балқаш +29
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +25
К
Көкшетау +23
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +29
П
Павлодар +26
Петропавл +28
С
Семей +27
Т
Талдықорған +28
Тараз +32
Түркістан +23
О
Орал +25
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер