Венесуэлада бүлік құрбандарының саны 14-ке жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венесуэлада бүлік құрбандарының саны 14-ке жетті ©РИА Новости

Венесуэладағы тәртіпсіздіктер кезінде 14 адам қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап. Венесуэладағы екі аптадан бері жалғасып жатқан наразылық шаралары кезінде қаза тапқандардың қатары 14 адамға жеткен. 150-ге жуық адам жарақат алды. Жуырда ел президенті Николас Мадуро соңғы күндер ішінде тәртіпсіздіктерге қатысқан 712 адамның ұсталғанын, оның 48-і қамауға алынғанын мәлімдеген болатын. Ұсталғандар қару қолданып, өзгелердің денсаулығына нұқсан келтірген. Сонымен бірге, Венесуэла басшысы сәрсенбі күні өтетін бейбітшілікті қалпына келтіру мәселелеріне арналған конференцияда ұсталғандарды босату мүмкіндіктерін талқылауға дайын екенін де айтты. Николас Мадуро "егер ештеңені өртеп, қиратпайтын болса, оппозицияның бейбіт митингтер өткізуіне қарсы емеспін" деп отыр. Айта кетейік, Венесуэлада оппозиция ел үкіметіне наразы болып, жаппай қарсылық шарасын өткізіп жатыр. Бұған дейін тәртіпсіздіктер кезінде алты адамның қаза тапқаны хабарланған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети