Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны 200-ге жақындады: елге халықаралық көмек келе бастады

Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны 200-ге жақындады: елге халықаралық көмек келе бастады Фото; EFE

Венесуэладағы кейінгі жүз жылда болған ең жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 200-ге жуықтады, мыңдаған адам хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі La Patilla басылымына сілтеме жасап.

Венесуэладағы кейінгі жүз жылда болған ең жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 200-ге жуықтады, мыңдаған адам хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі La Patilla басылымына сілтеме жасап.

Елдің Ұлттық ассамблея төрағасы Хорхе Родригестің мәлімдеуінше, екі жойқын жерасты дүмпуі салдарынан кем дегенде 188 адам қаза тапты. Құрбандар саны әлі де артып жатыр. Мыңдаған адам әлі де хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.

Родригестің айтуынша, 1520 адам жарақат алған, 200-ге жуық адам үйінділер астында қалып қойған. Сонымен қатар табиғи апат кем дегенде 2927 отбасыны баспанасыз қалдырды.

Жарнама
Жарнама

Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес бұған дейін елде төтенше жағдай жариялаған болатын. Сондай-ақ ол Каракас халықаралық әуежайының жабылғанын хабарлады.

Елге халықаралық көмек келе бастады.

"Қазіргі уақытта АҚШ, Мексика, Испания, Катар елдерінен, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы ұйымдастырған құтқарушы сарапшылар топтарынан ұшақтар жолға шықты", - деді Родригес.

Магнитудасы 7,2 және 7,5 балл болатын екі қуатты жерасты дүмпуі сәрсенбі күні кешке Венесуэла астанасының батысында болды.

Родригестің айтуынша, одан кейін 138 афтершок тіркелген.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама