Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты: елде аза тұту жарияланды

Нұрила Достарқызы Корреспондент
Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты: елде аза тұту жарияланды Фото: x.com/DPdelinterior

Венесуэлада 25 маусым түнде болған екі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2295-ке жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz DW басылымына сілтеме жасап.

Венесуэлада 25 маусым түнде болған екі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2295-ке жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz DW басылымына сілтеме жасап.

Бұл мәліметтерді елдің Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес жариялады. Оның айтуынша, зардап шеккендер саны 11 267 адамға жеткен. Ал тағы 13 мыңға жуық тұрғын баспанасыз қалған.

Сонымен қатар БҰҰ шамамен 50 мың адамды хабар-ошарсыз кеткендер қатарына жатқызып отыр. Родригестің айтуынша, олардың шамамен 30 мыңы табиғи апаттан ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра қаласының порт аймағында болған.

Жарнама
Жарнама

Оның мәліметінше, құтқарушылар үйінділер астынан 6,5 мыңға жуық адамды аман алып шыққан.

Дегенмен, билік өкілдері тірі қалғандар санының айтарлықтай көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, себебі көпшілігі өз бетінше қашып құтыла алды немесе туыстары мен жергілікті тұрғындар құтқарған.

Венесуэлада ұлттық аза тұту жарияланды

Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес жер сілкінісінің құрбандарын еске алу үшін жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады.

Аза тұту кезеңі 1 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де басталды.

"Венесуэланың жаны жер сілкіністерінде қаза тапқандардың қайғысына ортақтасып, қайғырып жатыр. Бүгін біз жақындарын жоғалтқан отбасылардың қайғысына ортақтасып, жараланғандар, хабар-ошарсыз кеткендер және зардап шеккен қауымдастықтар үшін дұға етеміз", - деп жазды Родригес өзінің X әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 25 маусымда Венесуэлада 39 секунд аралығында магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі қуатты жерасты дүмпуі болды. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте, ал эпицентрі Морон қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 16 шақырым жерде орналасты.

Бұл жерасты дүмпулері елде соңғы 126 жылда болған ең қуатты сілкініс ретінде тіркелді.

250-ден астам ғимарат зақымдалды немесе толықтай қирады. Ең күрделі жағдай Ла-Гуайра штатында қалыптасып отыр.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табиғи апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама