“Көп құпия бар“. Bayansulu мен оның әндерін жазған композитор бір-бірін айыптады

Айнұр Қапышова
Айнұр Қапышова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Көп құпия бар“. Bayansulu мен оның әндерін жазған композитор бір-бірін айыптады Фото: instagram.com/bayansuuluu

Композитор Қуат Әбілов әнші Баянсұлу Сағындықованы (BAYANSULU) жазып берген әндері үшін қаламақы төлемеді деп айыптады. Толығырақ Tengri Life-та.


Композитор Қуат Әбілов әнші Баянсұлу Сағындықованы (BAYANSULU) жазып берген әндері үшін қаламақы төлемеді деп айыптады. Толығырақ Tengri Life-та.

Қуат Әбіловтің нұсқасы

Композитор Instagram парақшасында видео жариялады.

Әбілов әншіге бес ән (Aua rai, Sondaym bar endi, La La, Umytsam da, Kutemin) жазып бергенін, енді сотқа шақырылып жатқанын айтты.

Оның айтуынша, әнші бастапқыда өзі келіп, оған ақша емес, танымал болу керек екенін айтқан.

"Ол кезде оның ешқандай аты да, әні де жоқ еді. Аға, маған ешқандай ақшаның қажеті жоқ, мені "хит" қылсаң болды деп келді. Қолымнан келгенше жұмыс істедім", - деді ол.

Әбілов бұл әндері үшін қаламақы төленбегенін айтты.

"Мен әнді айтпасам, мен әнші болмасам, ол әндерің хит болмайтын еді деді. Бұл маған деген құрметінің жоқтығын көрсетеді. Мен көптеген әртіспен жұмыс істедім. Мені танымасаңыздар да, менің әндерімді білесіздер. Мен еш жерге сұхбат бермегенмін, еш жерге шықпағанмын, тек студияда жұмыс істеймін. Енді мен сол әндерімді барлық платформадан өшіремін, орындауға рұқсат бермей жатырмын, сол себепті мені сотқа шақырып жатыр", - деді ол.

Композитор тек әділдікке қол жеткізгісі келетінін айтты.

"Ол өзінің бұрынғы продюсерімен жұмысын тоқтатты, менің ол жақтағы келісімдерге ешқандай қатысым жоқ. Басқа продюсері маған хабарласты, келісімге келейік, жолығайық деді. Сөйлестік, мен өз шартымды айттым, менің қаламақымды төлеңдер, осыдан кейін әндерімді орындай беріңдер дедім. Оның әншілігіне ешқандай таласым жоқ. Ақыр соңында мені осылай сотқа шақырып жатыр, бұл жерде әділдік қайда екенін білмеймін", - деді ол.

Сондай-ақ ол тыңдармандардың арқасында әндері танымал болғанын айтып, халыққа алғысын білдірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kuat Abilov (@kuat_abil)

Bayansulu-дың жауабы: әндер үшін қаламақы үш есе өскен

Әншінің өзі де Instagram-да видео жариялады.

Оның айтуынша, композитор көрсетіп отырған сотқа шақыру қағазының әнге мүлдем қатысы жоқ. Ол жерде өзінің абыройы мен жеке құқығын қорғау туралы құжаттар. Осы жалған ақпаратты таратқаны үшін заң аясында шара қолданамыз дейді.

Сондай-ақ әнші әндердің төлемін жасаудан ешқашан бас тартпағанын және композитормен келісімге келуге жақын болғанын мәлімдеді.

"Баға келісілгеннен үш есе ұлғайып кеткендіктен, менің қалтам ол ақшаны көтере алмады. Бірақ біз Қуат Әбіловпен белгілі бір сомаға келісіп, қол алыстық. 2 сағаттың ішінде келісімшартқа қол қоюға барғанда Қуат Әбілов өз ойынан айнып қалғанын және әндерді барлық жерден өшіретінін айтты", - деді әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bayansulu Sagyndykova (@bayansuuluu)

Әнші мен композитор қалай бірге жұмыс істей бастады?

Әншінің айтуынша, ол композитормен "Umytsam da" әнін сатып алған кезде танысқан.

"Екі жыл бұрын, 2024 жылы мен жеке клиент ретінде Әбіловтың гонорарын толық төлеп, "Umytsam da" әнін сатып алдым. Ол ән бір жыл бойы ешқайда шықпай менде болады. Менің қателігім, әнді сатып алғанда келісімшарт жасамағаным. Бірақ ақша аударымы мен чек сақталған", - деді ол.

Әнді ол бұрынғы продюсерімен бірге тек 2025 жылы шығарып, сол кезде хитке айналған. Осыдан кейін Қуат Әбілов қайта байланысқа шығып, бірге жұмыс істеуді ұсынған.

"Мен сол кезде Әлішер Бурхановпен әнші мен продюсер ретінде келісімшартқа отырдым", - деді әнші.

Оның айтуынша, сол кезде бюджеті аз болғандықтан, бұрынғы продюсері композитормен кейін еңбек ақталып жатса қымбат сыйлықтар мен ақша арқылы қаламақыны өтеп берем деп келіскен.

Дәлел ретінде ол бұрынғы продюсері композиторға хит ән үшін MacBook сыйлап жатқаны түсірілген видеоны көрсетті.

Скриншот: Instagram/@bayansuuluu

Сондай-ақ әнші продюсер композиторға ақша аударғанын өз көзіммен көрдім дейді, бірақ не үшін екенін нақтыламады.

Әрі қарай не болады?

Видео соңында әнші бұл мәселеге араласа алмағанын, себебі бұл продюсердің жұмысы болғанын айтты. Ол продюсермен жұмысты тоқтатуы осы жағдаймен байланысты екенін мойындады.

"Продюсеріммен жұмысты тоқтатудың бұған үлкен қатысы бар. Бірақ көп құпия, үлкен мәселе мен қатысушылар бар. Оның бәрін кейін айта жатармын", - деді ол.

Әнші қазір көп хабарлама келіп жатқанын - сын да, қолдау да бар екенін, сондай-ақ мәселені тек сотта ашып айтатынын жеткізді.

Bayansulu кім және оның әні миландық "Интер" TikTok-ына қалай түсті?

Bayansulu атымен танылған Қызылорда тумасы Баянсұлу Сағындықова көпшілікке "Ауа райы" хиті арқылы белгілі (YouTube-та 16 миллионнан астам қаралым).

Миланның "Интері" оның әнін TikTok-та жариялағаннан кейін танымалдылығы арты түсті.

Әншінің Instagram-да 156 мыңнан астам оқырманы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 478.15   548.09   5.87 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети