28 сәуір 2018 | 09:32

Halyk Bank басшылығы алатын жылдық сыйақы көлемі аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

"Қазақстан Халық банкі" АҚ директорлар кеңесі мен басқарма мүшелері 2017 жылы шамамен 1,922 миллиард теңге сыйақы алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы институтының мәліметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстан Халық банкі" АҚ директорлар кеңесі мен басқарма мүшелері 2017 жылы шамамен 1,922 миллиард теңге сыйақы алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы институтының мәліметіне сілтеме жасап. 

Бұл сомадан 191,110 миллион теңге сомасындағы жеке табыс салығы мен 16,140 миллион теңге міндетті зейнетақы жарнасы ұсталған. 

Halyk Bank сайтындағы мәлімет бойынша, директорлар кеңесі мен басқарма құрамына 14 адам кіреді. Директорлар кеңесінің төрағасы - Александр Павлов. Басқарма төрайымы - Үміт Шаяхметова. Осылайша, бір адамға шаққанда сыйақы көлемі орташа есеппен жылына 137,320 миллион теңге болған, бұл шамамен 419 мың доллар.

"Қазақстан Халық банкі" АҚ баспасөз қызметіндегілер бұл мәліметті растады, алайда сыйақының қашан төленгенін және директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің нақты қанша сомада сыйақы алғанын нақтыламады. 

"Халық" тобының 2017 жылдағы табысы 173,36 миллиард теңге болған. 40 пайызын немесе 69,4 миллиард теңгені дивидендтерді төлеуге бағыттау жоспарланған. Акция дивидендінің көлемі 6,31 теңге, төлемдер 2018 жылдың 1 маусымында басталады.

Мұның алдында "Казкоммерцбанк" АҚ "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-пен біріктіру туралы шешім қабылданғаны хабарланған. Мұндай шешім қаржы институттары акционерлерінің біріккен жиналысы барысында қабылданған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети