McDonald's Қазақстанда 2015 жылы ашылады, оның қазақстандық франчайзиі Қайрат Боранбаев болады, - бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Алмалы" активтерін басқару жөніндегі компаниялар" өкілдері хабарлады. Осылайша, Қазақстан McDonald's-ты 121-ел болып ашады.
McDonald's Қазақстанда 2015 жылы ашылады, оның қазақстандық франчайзиі Қайрат Боранбаев болады, - бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Алмалы" активтерін басқару жөніндегі компаниялар" өкілдері хабарлады. Осылайша, Қазақстан McDonald's-ты 121-ел болып ашады.
"Қазақстанда даму мен өсуге үлкен әлеует бар және біздің Қайрат Боранбаевпен келісіміміз брендіміздің қуаттала түсуіне мүмкіндік береді. Біз бизнесімізді жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда тауар айналымын көбейтіп, нарықта жаңа кәсіпорындар ашу арқылы Еуропада дамытып жатырмыз, сонымен қатар дамуға мүмкіндік беретін жаңа нарықтарға кіру мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз", - деді Еуропадағы McDonald's президенті Даг Гор.
Қазақстанда бірінші McDonald's-тың ашылуы 2015 жылдың екінші жарты жылдығына қарастырылған. "Мұнда қонақтарға ең сапалы өнім, үздік қызмет, жайлы орын, Wi-Fi Free, заманауи безендіру және тағы да басқа көптеген жағдай қарастырылады. Мәзірде әлемдік дәстүрге енген әрі белгілі бола түскен Биг Мак, фри картобы, Чикен Макнаггетс және басқа тамақтар болады , - делінген компания хабарламасында."
"Мен McDonald's брендін аса құрметтеймін, ол әлемдегі өте танымал және бұл брендтің дамуында туған елімдегі дамуына серіктес болғаныммен мақтанамын. Қазақстандағы бірінші кәсіпорынды ашу жұмыстарымен айналысуды бастауды күтіп отырмыз", - деді өз кезегінде Қайрат Боранбаев. Қазіргі уақытта кәсіпкер - McDonald's брендінің Беларусьтегі франчайзиі, сонымен қатар "Алмалы" активтерін басқару жөніндегі компаниялар" холдингтер тобының бас атқарушы директоры.
McDonald's - әлемнің қоғамдық тамақтандыру саласындағы жетекші бренді, дүниежүзі бойынша 35 мың кәсіпорны жұмыс істейді. 100-ден астам елдегі бұл кәсіпорындарға күн сайын 70 миллион адам қонақ болады. Компания өкілдерінің айтуынша, McDonald's-тің 80 пайыздан астам кәсіпорындары франчайзилердің иелігінде.