Qazaq Banki салымшыларына 7,8 миллиард теңге өтемақы төленді

27 Желтоқсан 2018, 10:47
0

24 желтоқсанда Qazaq Banki АҚ салымшыларына Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ агент-банкі арқылы өтемақы төлеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қордағылардың мәліметінше, төлем 2019 жылдың 24 маусымына дейін еліміздің әрбір өңірінде орналасқан агент-банктің 17 филиалының барлығында төленеді.

Qazaq Banki АҚ тарату комиссиясы 2018 жылдың 12 желтоқсанына ұсынған соңғы тізілімге сәйкес, Qazaq Banki АҚ салымшыларына жалпы төлем сомасы - 20,5 миллиард теңге.

Банктің 18 мың салымшысының әрқайсысы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан (ҚДКБҚ) өтемін толық көлемде алатыны айтылады. 24 желтоқсаннан бастап Qazaq Banki салымшыларына шамамен 7,8 миллиард теңге көлемінде өтемақы төлеген.

Ең жоғары төлем сомасы:

- 10 миллион теңге - теңгедегі депозиттер бойынша,

- 5 миллион теңге - шетел валютасындағы депозиттер бойынша,

- 15 миллион теңге - Qazaq Banki АҚ бір мезгілде теңгеде және шетел валютасында ашылған депозиттер бойынша (шетел валютасындағы депозиттер үшін 5 миллион теңге баламасына дейін).

Qazaq Banki АҚ-ның әр салымшысына өтемақы төлеу кепілдендірілген, себебі өтем банктердің жарналары есебінен тұрақты негізде жинақталатын ҚДКБҚ арнайы резерві есебінен жүзеге асырылады. ҚДКБҚ меншікті капиталын ескере отырып, таратылған банктердің салымшыларына өтемақы төлеу үшін жинақталған сома - 773,7 миллиард. 

"Банкті мәжбүрлі түрде тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуін және төлемнің басталуын ұзақ уақыт күтуіне байланысты таратылып жатқан Qazaq Banki  АҚ-ның кейбір салымшылары ақша қаражатын дереу қолма-қол ақша түрінде алуға тырысуда. Бұл асығыс қабылданған шешім дүрбелеңнен туындаған

Біріншіден, ҚДКБҚ жинақталған резерві Qazaq Banki АҚ-ның барлық салымшыларына өтемақыны толық кепілдік берілген сома көлемінде төлеуге жеткілікті. Qazaq Banki АҚ салымшыларына төлемдердің жалпы сомасы ҚДКБҚ жинақталған", - делінген Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының хабарламасында.

Бұдан бөлек, ҚДКБҚ Qazaq Banki АҚ салымшыларынан, агент банк тек ұлттық валютада және тек тарату комиссиясының тізілімінде есепке алынған міндеттемелер көлемінде ғана төлем жасайтындығына назар аударуды сұрайды. Сондықтан өтемақы сомасына қатысты сұрақтар болса, мысалы, айырбастау бағамын қолдану, сыйақы есептеу және капиталдандыру, төлеуге жататын банк алдындағы міндеттемелерді есепке алу бойынша, немесе өтемақы сомасына байланысты даулы жағдайларда Qazaq Banki АҚ тарату комиссиясына хабарласу керектігі айтылады.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай