30 шілде 2018 | 11:32

Qazkom-ды Халық банкіне біріктіру аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

"Қазақстанның Халық банкі" АҚ пен "Казкоммерцбанк" АҚ өкілдері 2018 жылдың 28 шілдесінде өткізу актісіне қол қойылғанын мәлімдейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстанның Халық банкі" АҚ пен "Казкоммерцбанк" АҚ өкілдері 2018 жылдың 28 шілдесінде өткізу актісіне қол қойылғанын мәлімдейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз бір жарым жылдан аса уақытқа созылған үлкен процесті аяқтадық. (...) Халық банкі мен Казкоммерцбанктің бірігуіне қатысты шаралардың барлығы толық көлемде аяқталып отыр. Енді Халық банкі мен Қазақстандағы қаржы секторларының барлығында жаңа кезең басталады. Халық банкіне миллиондаған адам сенеді, сондықтан біз олардың үмітін ақтау үшін барлық жағдайды жасаймыз", - деп хабарлады Халық банкінің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова.

Осылайша, Казкоммерцбанктің бүкіл мүлікті, бүкіл құқықты және міндеттерін Халық банкіне табыстау рәсімі аяқталды. 

Сондай-ақ, Халық банкі мен Казкоммерцбанктің барлық қажетті технологиялық жұмыстарды аяқтағаны, сондықтан Халық банкі мен Казкоммерцбанктің клиенттеріне енді Халық банкінің барлық филиал мен бөлімшесінде қызмет көрсетілетіні айтылады. Казкоммерцбанктің еншілес ұйымдары енді Халық банкінің еншілес ұйымдары болады.

Еске сала кетейік, 2017 жылы Халық банкінің директорлар кеңесі "Казкоммерцбанкпен" бірігу туралы шешімді мақұлдаған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети