Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

SMS-шабуылдан кейін Қазақстанда депозиттерден 250 миллиард теңге алынған

16 Сәуір 2014, 16:33
0
Қайрат Келімбетов. ©Ярослав Радловский
Қайрат Келімбетов. ©Ярослав Радловский

Қазақстанда SMS-шабуылдан кейін салымшылар депозиттерден 250 миллиард теңгені қайтарып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетовке сілтеме жасап. 

"SMS-шабуылдан кейін кеткен шығыс, бұл жерде мен депозиттегі ақшаның бір банктен басқасына ауысқанын айтып отырғаным жоқ, жалпы жүйеден тұтастай кеткен қаражат 250 миллиард теңгені құрады, оның ішінде 100 миллиард теңге бүгінгі таңда қайта қайтарылды, яғни екі айға жақын уақытта іс жүзінде оның 40 пайызы қайтарылды", - деді Қайрат Келімбетов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ Келімбетов, бұл қаражаттар кері қайтарылатынын, себебі мұншамана ақшаны үйде ұстау қисынсыз әрі қауіпті екенін жеткізді. "Бұдан бөлек, Елбасының тапсырмасы бойынша біз халықтың экономикалық сауатын көтерумен айналысатын боламыз", - деді ол.

Еске сала кетейік, 11 ақпанда теңгенің құнсыздануынан кейін WhatsApp пен әлеуметтік желілерде жақын уақытта Қазақстанның кейбір банктері банкротқа ұшырайды деген секілді хабарлама таратылған. Бұл қауесет көптеген салымшылардың банктерге лап беріп, депозиттегі ақшаларын қайтып алуына итермеледі.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай