Әблязов жымқырған 1,4 миллиард доллар БТА банкке қайтарылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

БТА банк 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбзязов жымқырған 1,4 миллиард долларды қайтарып алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қаржы ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

БТА банк 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбзязов жымқырған 1,4 миллиард долларды қайтарып алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қаржы ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"БТА Банк" АҚ мәлімдейді: 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін басшылықтың (Кеңес Рақышев) қатысуымен, банк біршама қарыз активтерді (1,4 миллиарды АҚШ доллары) қайтарды. Активтерді қайтару Рақышев мырзаның БТА-ның басшылық тобына келуімен едәуір өсті. Ұлыбритания мен Уэльстің Жоғарғы сот үкімін орындау барысында, Ресей федерациясының, Украинаның және Қазақстан Республикасының сот шешімдеріне орай, БТА банкке тиесілі мүліктер мен қаражаттар қайтарылды", - делінген хабарламада. Соған қарамастан Ұлыбритания соты Әблязовты БТА банкіне пайыздық есеппен 4,8 миллиард долларды қайтару үкімін шығарған.

"Біз барлық сот шешімдерін қолдаймыз, соның ішінде ұлыбританиялық және әмерикалық әділет заңдарын. Олар кезінде Әблязов жымқырған БТА банкіне тиесілі қаражаттарды банкке қайта қайтаруды көздеп отыр және банк соған құқылы. Осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады, - деді БТА банкіндегілер.

Еске сала кетейік, БТА банкінің бұрынғы басшысы 2013 жылдың шілде айында Францияда тұтқындалған болатын. Ол Қазақстанда 6 миллиард доллардан аса қаржыны жымқырды және басқа да қаржылық алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. Қазақстанда оған мүлкін тәркілеумен бірге 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro