07 сәуір 2022 | 12:06

Альфа-Банк Қазақстан санкцияларға қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Альфа-Банк Қазақстан қаржы институтына әсер еткен санкцияларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Альфа-Банк Қазақстан қаржы институтына әсер еткен санкцияларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, АҚШ-тың санкциялары Альфа-Банк Қазақстанға да әсер етті. Біз әлемде болып жатқан оқиғаларды және олардың банк қызметіне тигізетін әсерін жіті бақылап отырамыз. Қазір Альфа Ұлттық банкпен бірлесіп, мәселелерді шешіп жатыр. Жақын арада нақтырақ жауап береміз.

Қабылданған шектеулер клиент қаражатының сақталуына және қолжетімдігіне әсер етпейтінін атап өткіміз келеді. Банкте клиенттер алдындағы барлық міндеттемесін орындау үшін жеткілікті өтімділік пен меншікті капитал бар", - деді банк өкілдері.

Бұған дейін Альфа-Банк Қазақстан өз сайтында доллармен және евромен аударымдарды тоқтата тұру, өз желісінен тыс Visa және MasterCard карталарының жұмысын тоқтата тұру, тәулігіне екі миллион теңге мөлшерінде қолма-қол ақша алуға және аударымдарға лимит енгізу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға кредит беруді тоқтата тұру туралы хабарлама жариялаған болатын.

Кейін банк сайтындағы бұл хабарлама жойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети