18 наурыз 2015 | 18:05

Алматы мен Астана әуежайлары билет бағасына қатысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz мұрағатынан ©Tengrinews.kz мұрағатынан

Алматы мен Астана әуежайлары әуе компаниялары билеттері бағасының құны әуежайлардан қымбат отынды сатып алумен байланысты емес екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы мен Астана әуежайлары әуе компаниялары билеттері бағасының құны әуежайлардан қымбат отынды сатып алумен байланысты емес екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы кездері ақпарат құралдарында әуежайлардан қымбат отынды сатып алуға байланысты әуе компаниялары билеттерінің бағасын түсіре алмай отыр деген ақпарат пайда бола бастады. Мұндай ақпарат шындыққа жанаспайды және Қазақстан әуежайларының беделіне кері әсер ететіндіктен "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ мен "Астана халықаралық әуежайы" АҚ бұл мәселеге қатысты жайттарды нақыталуы тиіс деп шешті. Бүгінгі таңда Қазақстанның өз ішіндегі тұрақты әуетасымалдарының 95 пайызын "Эйр Астана", SCAT, Bek Air әуе компаниялары орындайды. Бұл компаниялар Қазақстанның барлық әуежайында өз отындарын сақтап, ұшуға пайдаланады", - делінген Алматы мен Астана әуежайларының хабарламасында.

Сонымен қатар, әуе айлағындағылар әуежайлардың әуе компанияларының өз қалаулары бойынша өздерінің тікелей жеткізушілерінен сатып алған отындарын сақтауға тиісті көлем ғана бөліп беретінін мәлімдеді. "Мұндай жағдайда әуежайлардың әуеотыны ресурсын қолданушылар мен әуе компаниялары арасында делдал бола алмайтыны көрініп тұр, тіпті әуе компаниялары үшін әуеотынының соңғы бағасын қалыптастыруға ықпал ете алмаймыз. Сондықтан, Қазақстанның негізгі әуежайлары отынның бағасын көтеріп, авиабилеттердің қымбатуына әкеп соқтырды деп мәлімдеу қарабайыр жалған ақпарат болып есептеледі", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, әуежайдағылар қазақстандық жолаушылардың әуе керосинінің күрт арзандауына байланысты авиабилет бағасын төмендетуді талап етуге құқығы бар екенін мәлімдеді, алайда бұл жөнінде тікелей әуе компанияларға немесе құзырлы органдарға бару қажет. "Айта кетейік, жанар-жағармай материалдарын тасымалдаушыларды таңдауда, авиабилеттердің бағасын бекіту мен шамалауда әуе компаниялардың құзыреті әуежайлардың қатысуынсыз іске асырылады", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети