Asiamoney ForteBank Қазақстанның үздік банкі деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Asiamoney ForteBank Қазақстанның үздік банкі деп атады

Asiamoney халықаралық қаржылық басылымы ForteBank-ті үшінші рет қатарынан үздік банк деп таныды. Бұндай марапатты банк 2019 және 2020 жылдары алды. Бұл марапатты жыл сайын беделді қаржы аналитиктері қаржы ұйымдарының қызметін зерттеу және клиенттер мен серіктестерінің пікірлері негізінде береді.

Asiamoney пікірінше ForteBank активтер мен пассивтерді орынды басқару, әртараптандырылған портфель және бизнестің барлық сегментінің жақсы теңдестірілген өсімінің арқасында 2021 жылдың үздік банкі атанды.

Мараптақа ие болуға қатысты Басқарма Төрағасы Рейнис Рубенис пікірін білдірді: "Forte командасының жұмысын Asiamoney жоғары бағалауы біз үшін үлкен мәртебе. Forte командасы мықты, ол бұдан әрі де клиенттеріміз үшін сервистерді жақсартып, кеңейтейтіндігіне сенімдімін".

ForteBank Қазақстанның ең ірі банктерінің қатарына кіреді және еліміздегі ең тұрақты, өтімді және жақсы капиталы бар банктердің бірі. Банк бірнеше рет Euromoney, Asiamoney, The Banker және Global Finance секілді жетекші халықаралық баспалардың марапаттарына ие болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети